• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Воскресенье, 11 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ТЕТІКТЕРІН КҮШЕЙТУ МӘСЕЛЕСІ ҚОЗҒАЛДЫ

24.05.2022
in Басты ақпарат
АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ТЕТІКТЕРІН КҮШЕЙТУ МӘСЕЛЕСІ ҚОЗҒАЛДЫ

ҚР Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпараттық-насихаттық мақсатта ОҚМПУ-де «Азаматтардың құқығын қорғау тетіктерін күшейту» атты семинар өтті. Семинарға ҚР Парламенті Сенатының депутаты Н.Бекназаров, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Н.Бұхарбаев, сот саласының ардагерлері А.Елшібаев пен Ө.Темір қатысты. Жиынды ОҚМПУ басқарма төрағасы-ректор Г.Сүгірбаева жүргізді.
— Қазақстан Республикасының әрбір азаматы жалпыхалықтық референдумға қатысып, өзінің азаматтық құқығын пайдалануы, елінің келешегі үшін өзіндік үлесін қосуы тиіс. Мемлекет басшысының бастамасымен 2019 жылдан бері саяси жүйеге, оның ішінде заңнамалық негіздегі құжаттарға ауқымды өзгерістер енгізіле бастаған болатын. Елдегі, әлемдегі орын алып жатқан оқиғаларға қатысты біршама істі жеделдетуге тура келді. Қ.Тоқаевтың 16 наурыздағы Жолдауына сәйкес, Жаңа Қазақстанды қалыптастыруға қатысты бастамасы негізінде үлкен жұмыс тобы құрылып, оған білікті заңгерлер қосылды. Алғашқыда Конституцияның 20 бабына өзгерістер енгізу туралы айтылған еді. Алайда, жұмыс тобы жан-жақты саралай келе, 33 бапқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныс берді. Яғни, референдум барысында Ата заңымыздың үштен біріне өзгерістер енгізу көзделіп отыр. Бұл халықтың құқығын, мүддесін қорғайтын маңызды құжат болмақ, — деді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Н.Бекназаров.
Семинар барысында Конституцияға енгізілетін өзгерістер жайы баяндалды. Мәселен, қолданыстағы модельді жүйелі түрде трансформациялау, мемлекет пен қоғам арасында тиімді диалог құру, билік тармақтары арасындағы өзара қарым-қатынастардың оңтайлы бағытын қалыптастыру мәселелері қозғалды. Студенттер заң өкілдеріне сауалдарын қойып, пікір алмасты.
Айта кетейік, ҚР Конституциясына 1995 жылы референдум арқылы, ал 2007, 2011, 2017 жылдары Парламент арқылы өзгерістер енгізілген болатын.
«Шымкент келбеті» — Замира АЛДАБЕРГЕНОВА

Оқи отырыңыз...

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

10.05.2025
2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

10.05.2025
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

09.05.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

10.05.2025
2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

10.05.2025
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

09.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған