• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 9 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

Түркістан: Референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі республикалық штабтың отырысы өтті

22.05.2022
in Басты ақпарат
Түркістан: Референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі республикалық штабтың отырысы өтті

5 маусымда Ата Заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды қабылдау бойынша бүкілхалықтық Референдум өтетіні белгілі. Осы күннің саяси маңызын насихаттау мақсатында Түркістанда Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары және Шымкент қаласы мәслихатының хатшылары, тұрақты комиссиялары мен төрағаларымен және жергілікті депутаттармен және облыс, қала, аудан Қоғамдық кеңестері мен Ардагерлер ұйымдары төрағалары, мүшелерімен
кездесу өтті.
Референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі республикалық штабтың және «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мұқашев Төлеубек модератор ретінде кездесуді ашып жүргізіп отырды.
«Референдум — халық билігінің айқын үлгісі, әрбір қазақстандықтың өз азаматтық ұстанымын білдіру арқылы Жаңа Қазақстанды құруға тікелей үлес қосуының жарқын көрінісі. Мемлекет Басшысының Жаңа Қазақстанды, екінші республика құру идеясының Референдум өткізуден бастау алуы — тарихи оқиға. Өйткені, бұл 27 жылдан кейін өткізіліп отырған екінші Референдум. Бұған дейінгі Конституцияға өзгерістер Парламентте талқыланып, енгізіліп келген. Өткізілгелі отырған Референдумның тарихи мән-маңызы ол тұтастай ұлттың тағдырына қатысты мәселелерді халықтың талқысына шығару, оның мемлекеттік билікке тікелей қатысуын қамтамасыз ете отырып, демократия негіздерін орнықтыру» деген Төлеубек Төлеуұлы жиын қатысушыларына сөз берді.

Оқи отырыңыз...

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА СҰРАПЫЛ СОҒЫСТЫҢ ҚАРТ МАЙДАНГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА СҰРАПЫЛ СОҒЫСТЫҢ ҚАРТ МАЙДАНГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

08.05.2025
«Пакетная фабрика» ЖШС қағазды қайта өңдеуді дамытуға жеңілдетілген қаржы алды

«Пакетная фабрика» ЖШС қағазды қайта өңдеуді дамытуға жеңілдетілген қаржы алды

08.05.2025
ҚХА-НЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА «АҚЫЛ-ОЙ» ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫ ӨТТІ

ҚХА-НЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА «АҚЫЛ-ОЙ» ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫ ӨТТІ

08.05.2025

Республикалық «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ізмұхамбетов Бақтықожа референдумның ел болашағы үшін, ұрпақ келешегі үшін қажеттілігіне тоқталса, Түркістан облыстық маслихат хатшысы Қайрат Балабиев тағдыршешті референдумның жаңа Қазақстан құрудағы рөлін атап өтті.
Республикалық кәсіподақ федерациясы басшысының орынбасары Нұрлан Өтешов, Қазығұрт аудандық мәслихатының хатшысы Өрісбай Көпеев, Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов, Алматы облысы мәслихатының депутаты Әсел Төлепбергенова, Жамбыл облысы мәслихатының депутаты Сұлтан Өсербаев, Түркістан облысы мәслихатының депутаты Қалыйма Жантөреева, Түркістан облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов өңірлерде референдумды өткізу бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
Референдум өткізу жөнінде ел азаматтарының алдына қойылған міндетті жүзеге асыру мақсатында «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігінің бастамасымен республика көлемінде және өңірлерде Қоғамдық штабтар құрылды.
Аталған қоғамдық штабтарға үкіметтік емес ұйымдар, зиялы қауым, бұқаралық ақпарат құралдары және саяси партиялар («Аманат», «Ақжол», «Ауыл») өкілдері, қоғам қайраткерлері, жас мамандар, мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері, жоғары оқу орындарының ректорлары, этно-мәдени бірлестіктердің және білім саласының өкілдері еніп отыр.
Бүгінде Референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі республикалық штаб және өңірлердің қоғамдық штабтары республика көлемінде ақпараттық-насихаттық жұмыстарды кеңінен және белсенді түрде жүргізіп отыр.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА СҰРАПЫЛ СОҒЫСТЫҢ ҚАРТ МАЙДАНГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА СҰРАПЫЛ СОҒЫСТЫҢ ҚАРТ МАЙДАНГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

08.05.2025
«Пакетная фабрика» ЖШС қағазды қайта өңдеуді дамытуға жеңілдетілген қаржы алды

«Пакетная фабрика» ЖШС қағазды қайта өңдеуді дамытуға жеңілдетілген қаржы алды

08.05.2025
ҚХА-НЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА «АҚЫЛ-ОЙ» ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫ ӨТТІ

ҚХА-НЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА «АҚЫЛ-ОЙ» ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫ ӨТТІ

08.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған