• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 9 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

«AMANAT»: МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ НАУҚАН АЯСЫНДА ТҮЛКІБАСТЫҚ ШАРУАЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

20.05.2022
in Басты ақпарат
«AMANAT»: МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ НАУҚАН АЯСЫНДА ТҮЛКІБАСТЫҚ ШАРУАЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «AMANAT» партиясы жанынан құрылған республикалық штаб мүшелері Дархан Мыңбай, Құдайберген Ержан, Қайнар Абасов және Сырым Ертаевтың Түркістан облысына жұмыс сапары жалғасуда. Штаб мүшелерінің өңірге келудегі негізгі мақсаты — Конституциялық түзетулер жобасын жергілікті тұрғындар арасында түсіндіру және референдумды қолдауға шақыру. Сондай-ақ олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, талқылау.

Оқи отырыңыз...

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА СҰРАПЫЛ СОҒЫСТЫҢ ҚАРТ МАЙДАНГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА СҰРАПЫЛ СОҒЫСТЫҢ ҚАРТ МАЙДАНГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

08.05.2025
«Пакетная фабрика» ЖШС қағазды қайта өңдеуді дамытуға жеңілдетілген қаржы алды

«Пакетная фабрика» ЖШС қағазды қайта өңдеуді дамытуға жеңілдетілген қаржы алды

08.05.2025
ҚХА-НЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА «АҚЫЛ-ОЙ» ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫ ӨТТІ

ҚХА-НЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА «АҚЫЛ-ОЙ» ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫ ӨТТІ

08.05.2025

Бүгін штаб мүшелері Түлкібас ауданына барып, халықпен ашық аспан астында кездесулер өткізді. Т.Рысқұлов ауылында мәдениет саласының қызметкерлеріне жалпыхалықтық референдум өткізудің алғышарттарын, ұсынылған реформалардың ерекшеліктерін, демократиялық түрленудің маңызын қарапайым әрі түсінікті сөздермен жеткізді. Онда ауыл шаруашылығы субсидиялар ауқымын көбейту, ағын су тапшылығы сөз болып, ұсыныстар айтылды. Мичурин ауылдық округінде шаруалар және кәсіпкерлермен еркін пікірталас өтті. Мұнда да Конституциялық түзетулер жайы талқыланды. Кездесуде ауыл тұрғындары белсенділік танытып, өздерін толғандырған сауалдарға жауап алды. Сондай-ақ, Мәжіліс депутаттары ауыл-аймақты аралау барысында халықтың жаңа өзгерістерге деген көзқарасы оң екенін жеткізді.

— Ықпалды Парламент — халықпен жақындасудан басталады. Біз халықтың айтып отырған проблемаларын ортаға шығаруымыз керек. Бүгін халықпен етене сөйлесіп, 5 маусымда өтетін референдум мәселесін пікірлесуге келдік. Жалпы облыста халықпен кездесу барысында көтерілген бірнеше мәселелерді ерекше атап өтуге болады. Соның ішінде әйел азаматтарының зейнет жасын қысқарту барлық жерде көтеріліп жатыр. Бұдан бөлек жайылым жер тапшылығы, өнеркәсіп орындарын ашу, субсидия алу, агро банк құру төңірегінде ұсыныстар айтылды. Жалпы бұл референдум шын мәнінде әділетті Қазақстан құру жөніндегі саяси реформаларды жүзеге асырудың алғышарты, — деді Д.Мыңбай.

Мәжіліс депутаттары ауданға сапары аясында облыс әкімі Ө.Шөкеевпен де кездесіп, республикалық штабтың жұмысы жайлы ақпараттармен бөлісті. Атап өтерлік, 6 мамыр күні облыстық партия филиалы жанынан 18 штаб құрылып, 1132 іс-шарадан тұратын желілік кесте бекітілді. Бүгінге дейін жалпы 446 іс-шара өткізіліп, кездесулерде 17420 адам қамтылды. Ал Мәжіліс депутаттарының өңір бойынша 197 іс-шараға қатысуы жоспарланған. Аймақта республикалық штабтың жұмысы мамыр айының 12-не басталып, шалғай елді мекендерді аралау және ақпараттық-түсіндіру жұмыстары маусым айының 3-не дейін жалғасады.

«AMANAT» партиясы
Түркістан облыстық филиалының
баспасөз қызметі.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА СҰРАПЫЛ СОҒЫСТЫҢ ҚАРТ МАЙДАНГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА СҰРАПЫЛ СОҒЫСТЫҢ ҚАРТ МАЙДАНГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

08.05.2025
«Пакетная фабрика» ЖШС қағазды қайта өңдеуді дамытуға жеңілдетілген қаржы алды

«Пакетная фабрика» ЖШС қағазды қайта өңдеуді дамытуға жеңілдетілген қаржы алды

08.05.2025
ҚХА-НЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА «АҚЫЛ-ОЙ» ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫ ӨТТІ

ҚХА-НЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА «АҚЫЛ-ОЙ» ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫ ӨТТІ

08.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған