• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 9 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ АКТЕРЛЕР — ШЫМКЕНТТЕ

17.05.2022
in Басты ақпарат
ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ АКТЕРЛЕР — ШЫМКЕНТТЕ

Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театры Шымкент қаласына гастрольдік сапармен келді. Өнер ұжымы жергілікті БАҚ өкілдерімен жүздесіп, сапардың жоспарымен бөлісті.
Театр ұжымы 17-20 мамыр аралығында Ж.Шанин атындағы академиялық драма театрдың сахнасында өнерлерін паш етпек.
— Нартай Бекежанов қазақ академиялық музыкалық драма театры — Қызылорда облысындағы мәдениет саласының қарашаңырағы. Өңірде өзінің қалыптасқан көрермені, іздеушілері бар өнер ұжымы. Десек те, өнер дамып, өркендеп отыру үшін ел көріп, жер көріп, тәжірибе алмасу қажет.

Оқи отырыңыз...

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

09.05.2025
ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

09.05.2025
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

09.05.2025

Жуырда ғана Ж.Шанин атындағы академиялық драма театрының ұжымы Сыр елінде болып, өнерімен тәнті еткен болатын. Енді біз 17-20 мамыр аралығында түрлі жанрдағы спектакльдерімізді сахналайтын боламыз. Гастрольдік сапар актерлерді шыңдай түседі. Себебі, бір өңірде аншлагпен өткен қойылымды келесі өңір олай жылы қабылдамауы мүмкін. Сондықтан да актер ізденеді, тәжірибе жинақтайды деген үміттеміз, — дейді Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісі Ақтөре Оразалы.
Қызылордалық өнер ұжымы гастрольдік сапардың шымылдығын Д.Исабековтің «Құстар фестивалі» мюзиклімен ашпақ. Қоюшы режиссері —жерлесіміз Қ.Қасымов.

— Әр жыл сайын театр репертуарына 3-4 қойылым қосылып отырады. Бүгінде театр актерлерін жаңа қырынан тану мақсатында мүмкіндік беріліп жүр. Мәселен, театр актері Қанат Архабаев «Кім?» психологиялық драмасын сахналап, режиссерлік қырынан танылды. Сондай-ақ, жасөспірімдерге арналған «ҰБТ кілті», қоғам дертіне айналған жемқорлық жайында «Шыны керек» спектакльдері көрермен көзайымына айналып отыр.

Бұл жолы шымкенттіктерге театр репертуарындағы 4 қойылымды әкеліп отырмыз. 18 мамыр күні сағат 15:00-де Мирза Фатали Ахундзаденің «Кетпейсің! Болды, кетпейсің…» комедиясы, ал кешке сағат 19:00-де – Әлімбек Оразбековтің «Бір түп алма ағашы» отбасылық драмасы сахналанады. Ал, 19-20 мамыр күндері кешкі сағат 19:00-де – Александр Володиннің «Кездесу мен қоштасу» психологиялық драмасына шақырамыз, -деді Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрының әдебиет бөлімінің меңгерушісі Ұ.Қылышбаева.

Сонымен қатар, брифинг барысында Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театры директорының орынбасары С.Жақсығұлов пен театр актері Қ.Архабаев журналистердің сауалына жауап беріп, бүгінгі қазақ театрларының түйткілді мәселелерін тереңінен түсіндірді.
Айта кетейік, Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрының 60-тан астам қызметкері Шымкентке гастрольдік сапармен келіп отыр.

«Шымкентр келбеті» — Замира АЛДАБЕРГЕНОВА
Суретті түсірген Серік ҚОСАЕВ

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

09.05.2025
ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

09.05.2025
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

09.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған