• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 9 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

Басты мақсат — полицейлер арасындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу

12.05.2022
in Басты ақпарат
Басты мақсат — полицейлер арасындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу

Түркістан облысына іссапармен ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары келіп, арнайы жиналыс өткізді
Мемлекет басшысының «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауындағы тапсырмаларын орындау, аймақтардағы Полиция департаменттерінің жұмысын пысықтау мақсатында вице-министр М.Қожаев мен бірқатар қызмет басшылары Түркістанға келді.
Басты мақсат – полицейлер арасындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сервистік полиция моделі бойынша атқарылған жұмыстарды қадағалау мен өңірдегі жол қауіпсіздігі мәселесін назарға алу.
Түркістан облысы Полиция департаментінде ұйымдастырылған жиынға облыстың бас полицейі М.Қабденов, 17 қала, ауданның басшылары мен жеке құрам қатысты.
Жиынға төрағалық еткен вице-министр: «Полиция — ел сенімін ақтап, елге адал қызмет ету үшін бірінші кезекте халықтың жағдайын жасап, қамқоршы да жанашыр болуы керек. Басты мақсат сол! Сонымен қатар ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың берген тапсырмаларын орындауда ешқашан уақыт өткізбеуіміз керек. Білім біліктілікті арттырып, Қазақстанның полицейі деген атқа кір келтірмеуіміз қажет. Сыбайлас жемқорлықты жасамақ түгілі, мүлде ойға алмауымыз шарт. Жемқорлыққа жол берген қызметкерге жаза қатаң. Осыны ешқашан естен шығармаңыздар!», — деп қатаң түрде атап өтті.
Одан ары Ішкі істер министрлігінен келген басшы құрам аталмыш жол апатын алдын алу, өрескел қателікке жол беретін жүргізушілерді дер кезінде анықтау мақсатында ҚР ІІМ Марат Ахметжановтың тікелей тапсырмасымен іске қосылған «Қорғау –Қауіпті жүргізуші» бағдарламасының жұмысын қарап шықты. Полицейлердің бейнекамералармен жұмыс істеуін, сервистік полиция мен цифрландыру бойынша жасалып жатқан жобаларды бақылады.
Осылайша ҚР ІІМ-нен келген басшы құрам, қылмыстардың алдын алу мен болдырмау мақсатында профилактикалық жұмыстарды жандандыру, учаскелік полиция инспекторларының қызметін нығайту, қызметкерлердің арасында сыбайлас жемқорлықты болдырмау туралы тапсырмаларын берді.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз...

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

09.05.2025
ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

09.05.2025
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

09.05.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

09.05.2025
ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

09.05.2025
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

09.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған