• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 9 января, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

РЕФЕРЕНДУМ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

12.05.2022
in Басты ақпарат
РЕФЕРЕНДУМ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

Еліміздің мемлекеттік басқару жүйесін өзгертіп, саяси ахуалға жаңа дем беретін Конституциялық референдум – жалпыхалықтық деңгейде алғаш рет өткізілмек. Бұл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» идеясының нақты жүзеге асуының дәлелі.

Оқи отырыңыз...

Кәсіпкер құқығы іс жүзінде қорғалды: 2025 жылы 1,1 млрд теңгеден астам қаражат бизнеске қайтарылды

Кәсіпкер құқығы іс жүзінде қорғалды: 2025 жылы 1,1 млрд теңгеден астам қаражат бизнеске қайтарылды

08.01.2026
Шымкентте жаңа туған сәбилерге қойылған ең ерекше есімдер аталып, демографиялық статистикамен бөлісті

Шымкентте жаңа туған сәбилерге қойылған ең ерекше есімдер аталып, демографиялық статистикамен бөлісті

05.01.2026
Жаңа жылдан бастап Шымкенттегі кезекші ХҚКО-лардың мекенжайлары өзгереді

Жаңа жылдан бастап Шымкенттегі кезекші ХҚКО-лардың мекенжайлары өзгереді

30.12.2025

Референдумның мақсаты — саяси, құқықтық жүйемізді жетілдіріп, конституциялық реформа жасау және оны халықтың таңдауы арқылы құқықтық тұрғыда бекіту. Конституциялық реформа ел дамуының жаңа кезеңі басталғанын көрсетеді. 1995 жылдан бері алғаш өткелі жатқан референдум – Ата заңымыздың үштен бір бөлігін өзгертуі мүмкін. Сәйкесінше, еліміздің біршама маңызды салаларында өзгеріс болады. Нақтылап айтса, Мәжіліс пен облыстық мәслихаттардың депутаттарын сайлаудың аралас мажоритарлы-пропорционалды моделі енгізіледі.

Мәслихаттардың ықпалын арттыру арқылы сайлаушылардың көзқарастары мен пікірлерін барынша толық қамтуға мүмкіндік жасалады. Аудандық және қалалық мәслихаттардың депутаттарын сайлаудың мажоритарлық жүйесінің енгізілуі өңірлердің тыныс-тіршілігіне азаматтардың ықпал ету мүмкіндігін арттыруға жол ашады. Конституцияның жаңарған нұсқасында Мемлекет басшысының жақын туыстарына саяси лауазым иеленуге және квазимемлекеттік секторда басшылық қызмет атқаруға тыйым салынады. Сондай-ақ құқық қорғау саласы бойынша маңызды өзгерістер енгізіледі. Атап айтсақ, Конституциялық сот құрылады. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің, яғни омбудсменнің мәртебесі Ата заңмен айқындалады. Елімізде өлім жазасы мүлде жойылады. Мұның бәрі азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін жасалып жатыр.

Жердің және табиғи ресурстардың иесі халық деген норманы Конституцияда біржола бекітудің саяси мәні зор болмақ және болашақта бұл мәселені әртүрлі түсіндіруге жол берілмеуі керек. Осыған байланысты, Негізгі заңның 6-бабын мынадай редакцияда беру ұсынылады: «Жер және оның қойнауы, су, өсімдіктер және жануарлар әлемі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі».  Міне, осындай тарихи өзгеріс жасауға әр қазақстандықтың қатысуы маңызды.

Президентіміз ұсынған оң өзгерістер мен реформалардың іске асуына, Жаңа Қазқстанның қалыптасуына үлес қосу – әрқайсымыздың негізгі азаматтық борышымыз. Дана халқымыз айтқандай, қазіргі уақытта тірліктің де, берекенің де көзі – бірлікте. Осы тұрғыда біздер Қазақстанның демократиялы, әділетті және өркениетті мемлекет болып құрылуына барынша үлесімізді қосатын боламыз. Әрбір азамат жаңа тарихтың – Екінші Республика құрылысының қалыптасуына өзінің қатысуын сезінуі керек. Референдум өткізу азаматтардың осындай жалпыұлттық сипаттағы маңызды мәселеге және ел тағдырын шешуге дауыс беруге тікелей қатысуға мүмкіндік береді.

Жанар БЕКТАЕВА,

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы.

 

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Кәсіпкер құқығы іс жүзінде қорғалды: 2025 жылы 1,1 млрд теңгеден астам қаражат бизнеске қайтарылды

Кәсіпкер құқығы іс жүзінде қорғалды: 2025 жылы 1,1 млрд теңгеден астам қаражат бизнеске қайтарылды

08.01.2026
ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДАҒЫ КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ  ҚҰРЫЛЫСЫ БОЙЫНША АРНАЙЫ ЖИЫН ӨТТІ

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДАҒЫ КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БОЙЫНША АРНАЙЫ ЖИЫН ӨТТІ

08.01.2026
«Пробация есебінде тұрған азаматтардың құқықтары мен міндеттері түсіндірілді»

«Пробация есебінде тұрған азаматтардың құқықтары мен міндеттері түсіндірілді»

07.01.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған