• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 9 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ТҮРКІСТАН: КӘСІПКЕРЛЕРДІ НЕСИЕЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

11.05.2022
in Басты ақпарат
ТҮРКІСТАН: КӘСІПКЕРЛЕРДІ НЕСИЕЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Оқи отырыңыз...

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

09.05.2025
ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

09.05.2025
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

09.05.2025
Түркістан облысы кәсіпкерліктің саны бойынша елімізде алдыңғы қатарда. Шағын және орта бизнес қарқынды дамып, олардың саны 147 мыңнан асты. Пандемияға қарамастан соңғы былтыр жалпы кәсіпкерліктің саны 6,8 мыңға артқан. Өндірілген өнім көлемі 47%-ға ұлғайып, 1,2 трлн. теңгеге жетіп отыр. Бұл туралы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен апталық аппарат отырысында баяндалды.
Өткен жылдың қорытындысымен шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 26% құрап, алдағы төрт жылдық көрсеткіш асыра орындалды. «Қарапайым заттар экономикасы» арқылы бүгінгі күнге
42,9 млрд. теңгеге 315 жоба қаржыланып, Бағдарламаны жүзеге асыру бойынша Түркістан облысы алдыңғы қатарда. «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы да белсенді орындалуда. Бағдарлама бюджеті биыл 43%-ға артып 11,6 млрд. теңгеге жетіп отыр. Қазіргі таңда несиелеу жұмыстары басталды.
2022 жылға бюджеттен бөлінген қаражат шеңберінде несиелерді субсидиялау арқылы кәсіпкерлерге жеңілдетілген 6%-бен 40 млрд. теңгеге несие беру мүмкіндігі бар. Жеңілдетілген несиелерді кәсіпкерлерге барынша бағыттау үшін аудан және қала әкімдіктерімен жұмыстар жүргізілуде.
Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен жергілікті деңгейде бірқатар жобалар іске қосылып, сәтті жүзеге асырылуда. Ірі кәсіпкерлердің көмегімен микробизнесті, стартаптарды қолдау мақсатында өңірімізде «Кәсіпкерлік Қырандары» жобасы бастау алған болатын. Жобаның арқасында 16 стартап жобаларға менторлар қолдау көрсетті. Жоба жалғасын табады.
«Бастау Бизнес» түлектерін қаржыландыру мақсатында «Атамекен – Түркістан» микроқаржы ұйымы құрылған болатын. «Бастау Бизнес» түлектері бүгінгі таңға 1,4 млрд. теңгеге несиеленді, қосымша 1,1 млрд. теңгеге несиелендіру жалғасуда.
Сондай-ақ «Керуен Сарай» және «Эко Базар» саудагерлеріне арналған «Yassy Business» бағдарламасы жұмыс істейді. Қазіргі таңда 180 млн. теңгеге 10 жоба қаралуда. Бағдарламаның жалпы қаржысы — 1 млрд. теңге, 330 млн. теңге — жергілікті бюджет, 670 млн. теңге — «Даму» қорының қаржысы. Бағдарлама шеңберінде кәсіпкерлерге 25 млн. теңгеге дейін 7 жылға 4%-бен несиелер беріледі.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

09.05.2025
ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

09.05.2025
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

09.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған