• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 9 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Без рубрики

Жақсы барлау — жеңістің кепілі

09.05.2022
in Без рубрики

Оқи отырыңыз...

СОЗАҚ: Кезекті ақпараттық түсіндіру жұмыстары

СОЗАҚ: Кезекті ақпараттық түсіндіру жұмыстары

24.04.2025
Ақпараттық түсіндіру жұмыстары жалғасуда

Ақпараттық түсіндіру жұмыстары жалғасуда

23.04.2025
Ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді

22.04.2025

Жеңіс. Осы сөздің мәнін,қадірін.қасиетін өмір мен өлімге бетпе-бет тура келіп қан майданға қатысқандардардан артық түсінетін жан болуы мүмкін емес. Мен келін болып түскен әулеттен бір үйден әкесі Бұғышиев Сарсенбай мен баласы Сарсенбаев Айбек екеуі майданға аттанған. Ұлы Жеңісті көздерімен көріп Берлиннен 1949 жылы екеуі де туған топыраққа аман-есен оралған. Сарсенбай атаны көзім көрген емес,Айбек атамыз Катюшаны бар даусымен рахаттанып айтып отыратын. Айбек атамыздан соғыс туралы сұрай қалсаң болды « Айтпа құрсын несі жақсы дейсің» деп қайырып тастайтын. Созақ ауданында мал дәрігер болып қызмет істеп, 1987 жылы көзі тірісінде II дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденімен наградталды.

Менің бірден-бір қалыптасуыма себебін тигізген Ұлы Отан соғысының ардагері Балтабай Нұрлыбеков атамыз. Балтабай ата Сарсенбай атаның ағасының жалғыз ұлы.Әулеттің ішіндегі сол кездегі көзі ашығы Балтабай ата өте тұйық, артық сөйлемейтін ақылды кісі болатын.Созақтық ағайындар оқымысты ата деп пір тұтатын. Балтабай ата мен Мәкен апамен 1979 жылы отау құрған жылы бір үйде тұрдық.Сол бір жыл мен үшін үлкен өмір сабағы болды.Бір бөлме толы кітап. Макаренко туралы көп оқитын, тәрбиелік мәні туралы шәй үстінде айтып отыратын. Ата сол жылдары Чимкенттегі педагогикалық институтта оқытушы болып қызмет ететін. Бірден-бір мықты педагогика ғылымдарының кандидаты. Үйде сымдай тәртіп. Соғыс басталган жылы Балтабай ата облыстық партия комитетінің кадр бөлімінде жауапты қызмет атқарып жұрген болатын. 1942 жылдың 12 қыркүйегінде Балтабай атаға да «шақыру қағазы» келеді.Алдымен Әскери академияда оқыйды. Көзі ашық азамат қатардағы тыңдаушыдан бастаса, кәдімгі ауылдан шыққан қарапайым қазақ баласы 1943 жылдың 5-ші шілдесіне дейін рота командиринің саяси бөлім жөніндегі орынбасары болған. Берлинге дейін жетіп жеңісті неміс жерінде тойлаған. Қолымда Балтабай атаның Чимкент әскери комиссариатынан берілген №08261 Г-311242 әскер билеті. Штабтық қызметте лейтенант шенінде оперуполномоченный «Смерш» деп жазылыпты.Әскери билетте Қарсы Барлау басқармасының 1946 жылдың 22 тамыздағы №32 бұйрығы бойынша лейтенант шенінде запасқа шығарылған. Көптеген медальдармен 1985 жылы II дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденімен наградталған. Жұбайы Мәкен апа екеуі көршілес Өзбекстандағы Шымқорғаннан бир колхозда тұратын қандастарымыздың елге оралуына атсалысқан. Қазір Шұбарсу елдімекенінде халық тұрады.Барлығы дерлік қандастарымыз. Шұбарсудағы халық саны — 27 700. Осы еңбегі ескеріліп Шұбарсу елдімекеніндегі орта мектепке Балтабай Нұрлыбеков есімі берілді. Сырын ешкімге шашпайтын біртоға адамның үлкен жүрегі ел деп соқса да.берген сертке адал азамат атқарған жанқиярлық отаншылдығы туралы бір жанға ауыз апай –ақ өмірден өтті. «Смерште» немен айналысты оны қанша сұрасақ та айтқан емес. «Өтіп кетті ғой өткенге оралып қайтеміз»- деп жай ғана жымиып қоятын. Жарияға жар салмаса да «Смершке» қатысқан әрбір қазақтың жеңіске қосқан үлесі шексіз. Мұрағаттар тіл қатады,құжаттар сөйлейді. «Смерштің» бел ортасында тер төккен осындай отаншыл шынайы патриот адамнан тәрбие алғаныма куанамын. Барлау қызметінде жұмыс жасаған әр қазақ аты аталмаған батыр емей кім? Түйін сөз. Жақсы барлау бар жерде нақты жеңіс бар.

Калыйма ЖАНТӨРЕЕВА,
«Amanat» партиясы Түркістан облыстық филиалы Атқарушы хатшысының орынбасары, Облыстық мәслихат депутаты.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

09.05.2025
ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

09.05.2025
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

09.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған