• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Вторник, 16 сентября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ЕЛДІҢ ЕРТЕҢІН ОЙЛАҒАН ЖАН ҰЛТТЫҚ БІРЛІКТІ НЫҒАЙТУҒА ҚЫЗМЕТ ЕТУІ ТИІС

27.04.2022
in Басты ақпарат
ЕЛДІҢ ЕРТЕҢІН ОЙЛАҒАН ЖАН ҰЛТТЫҚ БІРЛІКТІ НЫҒАЙТУҒА ҚЫЗМЕТ ЕТУІ ТИІС

Елімізде 1 мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күні мерекесінің мәні қай кездегіден де айрықша болып отыр. Себебі, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Жаңа Қазақстанды құру мақсатында ауқымды реформалар жүргізіліп жатыр. Бұл реформалардың нәтижелі болуы үшін бүкіл қоғам жаңару мен жаңғыру идеяларының маңына топтасуы керек. Яғни, Жаңа Қазақстанды тек ұлттық бірлік арқылы ғана құра аламыз. Дегенмен, бұл бірлік құрғақ сөз бен жалаң ұрандарға емес, әлеуметтік әділеттілікке, заң үстемдігіне және ашықтық пен жариялылыққа негізделген бірлік болуы тиіс.
Жалпы, бір мемлекеттің іргесі берік болып, өзінің егемендігі мен аумақтық тұтастығын, халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ете алуы және жаһандық масштабта болмаса да, өзі орналасқан аймақта сөзі өтімді, салмағы бар күшке айналуы үшін 7 критерий маңызды.
Біріншісі – энергия. Сыртқа тәуелді болмайтындай энергия көздеріне ие болу және оның өз бетіңше өңдей білу қабілеті. Екіншісі, жоғары технологияларға негізделген заманауи әскери өнеркәсіп саласының қалыптасуы. Үшіншісі, тәрбиелі, отаншыл, білімі мен біліктілігі жоғары жастардың көп болуы әрі орнықты демографиялық өсім қамтамасыз етілуі керек. Төртіншісі, сыртқы факторлардың әсерінен шайқалып кетпейтін күшті экономика болуы шарт. Бесіншісі, тәуелсіз әрі мықты, мемлекетшілдік мұраттарына адал барлау және арнаулы қызметтер болуы. Алтыншысы, мемлекеттің әлемдік және өңірлік деңгейдегі мәселелерге қатысты тәуелсіз әрі берік ұстанымы, сол ұстанымға негізделген дербес сыртқы саясаты болуы керек. Және ең соңғы әрі маңыздысы – мемлекет осының бәріне ие болуы үшін ол ұзақ мерзімді бейбітшілік, тұрақтылық және дайындық кезеңіне мұқтаж.
Мұның бәрін не үшін айтып отырмыз? Тыныштық пен бейбітшілік кезеңін үзіп алмауымыз, орнықты дамуды жалғастыра беруіміз үшін ең әуелі ішкі бірлік ауадай қажет. Қаңтар оқиғасындағыдай арандатулардан, қоғамның ішіне іріткі салудан, әлеуметтік тоқыраудан бойымызды аулақ ұстауға талпынған жөн. Демек, қазақ мемлекетіне қызмет етуді ойлаған адам елдің ынтымағы мен бірлігін нығайтудың қамын ойлауы тиіс. 1 мамыр мерекесінің маңызы, міне, осында жатыр.
Сәкен МӘЖІНБЕКОВ,
М.Әуезов атындағы ОҚУ-дің проректоры, саясаттанушы

Оқи отырыңыз...

Президент Жолдауы: кәсіпкерлікті қолдаудың жаңа кезеңі

Президент Жолдауы: кәсіпкерлікті қолдаудың жаңа кезеңі

11.09.2025
ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ӨТТІ

В Шымкенте прошло совещание по обсуждению Послания Главы государства

11.09.2025
ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ӨТТІ

11.09.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

В Шымкенте прошла первая глобальная цифровая конференция Центральной Азии — Global Tech Wave Central Asia

Шымкентте «Global Tech Wave Central Asia» атты Орталық Азияның алғашқы жаһандық цифрлық конференциясы өтті

15.09.2025
В Шымкенте прошла первая глобальная цифровая конференция Центральной Азии — Global Tech Wave Central Asia

В Шымкенте прошла первая глобальная цифровая конференция Центральной Азии — Global Tech Wave Central Asia

15.09.2025
Шымкентте «Таза қала» жалпы қалалық сенбілігі жоғары деңгейде өтті

Шымкентте «Таза қала» жалпы қалалық сенбілігі жоғары деңгейде өтті

15.09.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған