• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Понедельник, 26 октября, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ШЫМКЕНТТІК ОҚУШЫЛАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАДА 48 МЕДАЛЬ ИЕЛЕНДІ

25.04.2022
in Басты ақпарат
ШЫМКЕНТТІК ОҚУШЫЛАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАДА 48 МЕДАЛЬ ИЕЛЕНДІ

2022 жылғы 18-23 сәуір күндері аралығында жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың төртінші кезеңі болып өтті.
Олимпиаданың негізгі мақсаты мен міндеті — жалпы білім беру мекемелері білім алушыларының шығармашылық қабілеттерін және танымдық қызметке қызығушылығын анықтау және дамыту, дарынды балаларды қолдау үшін қажетті жағдайлар жасау, сондай-ақ ғылыми білімді насихаттау.
Олимпиада жаратылыстану-математикалық бағытындағы физика, математика, химия, география, биология, информатика пәндерінен және қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі, қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы, өзін-өзі тану, құқық негіздері, неміс тілі, француз тілі пәндері бойынша Oqylyq.kz қашықтықтан оқыту платформасы прокторинг жүйесі арқылы өткізілді.
Бұл жолғы олимпиада Шымкент қаласы білім басқармасының «Дарын» орталығымен бірлесіп өткізілді. Олимпиадаға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының Интелектуалдық іс- шараларды ұйымдастыру және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің әдіскері Турсынбекова Гульжан Жетпыспековна және Шымкент “Адалдық алаңы” жобалық кеңсесінің басшысы Садибеков Бижан Абдигапбарұлының қатысуымен «академиялық адалдық» негізінде өтті. Онымен қоса аталмыш олимпиада барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, оффлайн форматта Шымкент қаласындағы U-STUDY тестілеу орталығында электронды форматта «Бір оқушы – бір компьютер – бір камера» қағидасы негізінде ұйымдастырылды.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың төртінші (қорытынды) кезеңіне 31 жалпы білім беру ұйымдарынан 122 оқушы қатысты.
Олимпиада қорытындысы бойынша шымкенттік оқушылар І орын – 9, ІІ орын -14, ІІІ орын – 25 оқушы орындарға ие болды.

Оқи отырыңыз...

Шымкентте 26 қазанда ХҚКО мен МХҚКО-лар жұмыс істемейді

Шымкентте 26 қазанда ХҚКО мен МХҚКО-лар жұмыс істемейді

23.10.2026
ТҮРКІСТАНДА ТҮРКІ ЕЛДЕРІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ БАС ҚОСАДЫ 

ТҮРКІСТАНДА ТҮРКІ ЕЛДЕРІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ БАС ҚОСАДЫ 

21.10.2026
Қазақстан бойынша 600-ден астам сауда нысаны Republic Day және Bereke Fest акцияларына қосылды 

Қазақстан бойынша 600-ден астам сауда нысаны Republic Day және Bereke Fest акцияларына қосылды 

21.10.2026
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨК ТУ КӨККЕ КӨТЕРІЛІП, КӨК БАЙРАҚҚА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ПОДНЯЛИ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ФЛАГ И ОТДАЛИ ДАНЬ УВАЖЕНИЯ ГОЛУБОМУ ПОЛОТНУ

25.10.2026
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨК ТУ КӨККЕ КӨТЕРІЛІП, КӨК БАЙРАҚҚА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨК ТУ КӨККЕ КӨТЕРІЛІП, КӨК БАЙРАҚҚА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

25.10.2026
Республика күні: Президент қолынан шен алған Ұлттық ұлан офицері жас сарбаздарды әскери қызметке баулып жүр.

День Республики: получивший погоны из рук Президента офицер Национальной гвардии обучает молодых солдат.

25.10.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған