• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Вторник, 3 февраля, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ ТҮРКІСТАНДЫҚ ЖАС ДИҚАНҒА ГАЛСТУГІН СЫЙЛАДЫ

22.04.2022
in Басты ақпарат
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ ТҮРКІСТАНДЫҚ ЖАС ДИҚАНҒА ГАЛСТУГІН СЫЙЛАДЫ

Бүгін Түркістан облысында ұйымдастырылған республикалық семинар-кеңесте «Егістен сөреге дейін» жобасы аясында ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу нарығын кеңейту жолдары талқыланды. Сонымен бірге Түркістан өңірінің диқандары мен кәсіпкерлері республиканың түкпін-түкпірінен келген әріптестеріне егістікті әртараптандыру, мол өнім алу тәсілдері, тамшылатып және жаңбырлатып суғару технологиялары, топырақты өңдеу, жерді тыңайту жөнінде білгендерін үйретіп, кеңестерін берген болатын.
Семинар-кеңеске қатысушыларды әсіресе, Түркістан өңірінде жүзеге асырылып жатқан үйіргелік шаруашылықты дамыту жобасы қызықтырды. Осы жұмыс қалай жүзеге асырылғанын көру үшін семинарға қатысушылар Сайрам ауданындағы 2 шаруаның үйінде болып, шаруашылығымен танысты. Оған ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев пен өңірлерден келген кәсіпкерлер, әкім орынбасарлары да арнайы барды.
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев бұл бастама арқылы жұмыссыздар саны азаятынын, отандық азық-түліктің көлемі артатынын және елдің әлеуеті көтерілетінін жеткізді. Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков аудан көлемінде ауыл шаруашылығын негізгі кәсіпке айналдырған отбасылар көп екенін айтты.
Семинар қатысушылары шаруаларға сұрақтарын қойып, тиісті кеңестерін алды. Түркістан облысының диқандары мен кәсіпкерлерінің еңбегіне тәнті болған ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев жас диқанға өзінің галстугін тарту етті.
Түркістан облысында жеке қосалқы үй шаруашылықтарын дамыту, яғни, үйіргелік шаруашылығы жақсы дамып келеді. Бұл жобада тамшылатып суғару әдісі қолданылады. Жобаға «Еңбек» бағдарламасымен жаңа бизнес-идеяларды іске асыру мемлекеттік гранты есебінен қолдау көрсетілуде. 2021 жылдың өзінде жаңадан 525 бірлік отбасылық шаруашылық құрылды, оның ішінде 162 бірлік үй шаруашылықтарына гранттық қолдаулар көрсетілген. Өңірде 257 мыңнан астам үй шаруашылығы бар. Жыл сайын қосалқы үй шаруашылықтарында 310 мың тоннаға жуық өнім өндіріледі. Бұл – жалпы көкөніс өнімінің 30%-ы.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз...

Шымкентте жеміс шаруашылығы мамандарына арналған ғылыми-практикалық семинар өтті

Шымкентте жеміс шаруашылығы мамандарына арналған ғылыми-практикалық семинар өтті

02.02.2026
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЗАҢСЫЗ АЙНАЛЫМНАН 1 ТОННАДАН АСТАМ ЕСІРТКІ ЗАТТАРЫ ТӘРКІЛЕНДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЗАҢСЫЗ АЙНАЛЫМНАН 1 ТОННАДАН АСТАМ ЕСІРТКІ ЗАТТАРЫ ТӘРКІЛЕНДІ

02.02.2026

Ата заң жаңалықтары

01.02.2026
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Шымкент қалалық Қоғамдық кеңесі Жаңа Конституция жобасын қолдайды

Шымкент қалалық Қоғамдық кеңесі Жаңа Конституция жобасын қолдайды

02.02.2026
2026: КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМА – ХАЛЫҚ БАСТАМАСЫ МЕН АШЫҚТЫҚ НЕГІЗІНДЕ

2026: КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМА – ХАЛЫҚ БАСТАМАСЫ МЕН АШЫҚТЫҚ НЕГІЗІНДЕ

02.02.2026
Шымкент қаласының әкімдігінде жаңа Конституция жобасы талқыланды

В акимате Шымкента обсудили проект новой Конституции Республики Казахстан

02.02.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған