• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Суббота, 17 октября, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

AMANAT: ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАЛАРҒА НАСИХАТТЫ КҮШЕЙТУ КЕРЕК

21.04.2022
in Басты ақпарат
AMANAT: ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАЛАРҒА НАСИХАТТЫ КҮШЕЙТУ КЕРЕК

Бүгін өңірлік филиал жанындағы Жастарды қолдау жөніндегі Қоғамдық кеңесінің биылғы алғашқы отырысы өтті. Оған аймақтық партия филиалының Атқарушы хатшысы Бейсен Тәжібаев, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, жергілікті Жастар ресурстық орталықтарының басшылары, облыстық студенттер альянсы мен жоғарғы оқу орындарының өкілдері қатысты.

Оқи отырыңыз...

Шымкентте тоғыз айда 160 мың жүргізуші куәлігі онлайн ауыстырылды

Шымкентте тоғыз айда 160 мың жүргізуші куәлігі онлайн ауыстырылды

14.10.2026
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ БАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ МӘСЛИХАТТАРДЫҢ ӨКІЛЕТТІГІН МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ТОҚТАТУ ТУРАЛЫ ЖАРЛЫҚҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ БАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ МӘСЛИХАТТАРДЫҢ ӨКІЛЕТТІГІН МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ТОҚТАТУ ТУРАЛЫ ЖАРЛЫҚҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ

12.10.2026
Шымкент дүниеге келген сәбилер саны бойынша Қазақстанда төртінші орында

Шымкент дүниеге келген сәбилер саны бойынша Қазақстанда төртінші орында

12.10.2026

Кеңес отырысында жастардың түрлі санаттары бойынша өзекті мәселелер көтерілді. Атап айтқанда «Серпін-2050» мемлекеттік бағдарламасының маңыздылығы талқыланды. Аталмыш бағдарлама аясында тиісті өңірлердегі ЖОО-ның мамандарын шақыртып, облыстың шалғай ауылдарында мобильді ақпараттандыру жұмыстарын жүргізуге қатысты бірқатар ұсыныстар айтылды.

Жалпы «Серпін-2050» мемлекеттік бағдарламасы 2014 жылдан бастап іске асып келеді. Дегенмен бағдарлама өз деңгейінде нәтиже көрсетпеуде. Осы мәселе жайлы көзқарасын білдірген Б.Тәжібаев ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына жастардың да араласқаны жөн деп деп санайды.

— Ішкі-көші қон тақырыбын жиі қозғаймын.Себебі халықтың тұрмыс-жағдайын көтеруге, жастардың білім алуына жағдай жасалған «Еңбек» және «Серпін» мемлекеттік бағдарламаларын ұтымды пайдаланған жөн. Бірақ насихат жұмыстарының төмен болуының әсерінен оқу гранттары игерілмей, басқа өңірлердің жастары мүмкіндіктен айырылып отыр. Өйткені жыл сайын бөлінетін гранттардың саны 5000-ның үстінде. Мысалы 2020 жылы 5107 гранд бөлінсе, 979 студент оқуға қабылданған. Бұл тым төмен көрсеткіш. Бағдарламада тұрақты жұмыспен қамту жағы да қарастырылған. Осы ақпараттарды біздің облыстың тұрғындарына жеткізу жұмыстарына белсене арласып, ауыл-аймақтағы мектеп бітірушілерді, олардың ата-аналарын құлақтандырсақ бағдарлама оң нәтижесін көрсетеді. Ең бастысы жастар арасында жұмыссыздық проблемасы да азаяды, — деді ол.

Осы мәселені жалғаған Созақ аудандық Жастар орталығының директоры Ж.Төлепберген өңіріміздің шалғай ауылдарында мобильді ақпараттандыру жұмыстарын жүргізуді ұсынды. Сонымен қатар талқыға салынған тағы бір мәселе жастарды баспанамен қамту жайы. Түркістан қалалық мәслихат депутаты Н.Жүсіпбаев пен Түлкібас аудандық «Jas Otan» ЖҚ-ның төрағасы И.Жолбасханов жалдамалы тұрғын үй мәселесі тиісті атқарушы органдармен бірлесе шешілсе дейді. Себебі олардың айтуынша Түркістан облысы республика бойынша жастар көп шоғырланған аймақ болғандықтан оларды жұмыспен және баспанамен қамту, жалпы жағдай жасау маңызды.

Жиын барысында Қоғамдық кеңестің жаңа төрайымы Динара Егамбердиева студенттердің оқу жағдайын қадағалау мақсатында алдағы уақытта мониторингтік топ құрылып, оқу орындары мен жатақханаларға тексеру жұмыстары жүргізілетінін айтты. Сондай-ақ өңірде «Жасыл ел» жобасы аясында маусымдық жұмысқа бөлінген 1150 орынға NEET санатындағы және өзге де жұмыссыз жастарды шақыру көзделіп отырғанын хабарлады.

Келесі кеңес отырысы мамыр айына жоспарланды. Оған дейін жастар тарапынан түскен ұсыныстар мен сұрақтар топтастырылып, күн тәртібіне енгізілмек.

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

От идеи к производству: как изменились возможности казахстанского бизнеса за семь лет

От идеи к производству: как изменились возможности казахстанского бизнеса за семь лет

16.10.2026

ТЕҢ МҮМКІНДІК – ӘДІЛ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

16.10.2026
ШЫМКЕНТТІҢ БАС ЖОСПАРЫНА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ШЫМКЕНТТІҢ БАС ЖОСПАРЫНА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

16.10.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған