• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Среда, 26 ноября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 34 МЫҢ ЖҰМЫС ОРНЫ ҚҰРЫЛАДЫ

18.04.2022
in Басты ақпарат
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 34 МЫҢ ЖҰМЫС ОРНЫ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысы әкімі аппаратының апталық отырысында жұмыс орындарын ашу, жұмыссыздықпен күрес барысы талқыланды. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев аудан, қала әкімдері мен жауапты басқармалар алдында жаңа жұмыс орындарын ашу міндеті басты назарда болуы керектігін айтты.
– Ең басты мәселе – жұмыссыздық. Сондықтан осы түйткілге мән беру керектігін қайталап айтамын. Мемлекет басшысы жыл сайын 10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орнын ашу міндетін жүктеді. Әр ауданның экономикалық жағдайы тағы да зерделеніп, инвестиция тарту, жұмыс орындарын ашуға басымдық берілгені жөн, – деді Өмірзақ Шөкеев.
Жұмыссыздықпен қатар бүгінде заңды тіркелмей, құжатсыз жұмыс істеп жүргендер де көп. Олар да статистикадағы жұмыссыздар санын арттырып жатыр. Сондықтан жұмыс берушілер де осы мәселеге жауапкершілікпен қарауы тиіс.

Оқи отырыңыз...

«TURKISTAN INVESTMENT AND TOURISM FORUM – 2025» халықаралық инвестициялық форумы өтіп жатыр

«TURKISTAN INVESTMENT AND TOURISM FORUM – 2025» халықаралық инвестициялық форумы өтіп жатыр

24.11.2025
Шымкентте Халыққа қызмет көрсету орталықтарының 20 жылдық мерейтойы аталып өтті

Шымкентте Халыққа қызмет көрсету орталықтарының 20 жылдық мерейтойы аталып өтті

24.11.2025

КЕНТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

21.11.2025

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаеваның айтуынша, 2022 жылы Өңірлік карта аясында облыста 34 мыңға жуық жұмыс орнын ашу көзделген. Оның 5 мыңнан астамы тұрақты жұмыс болады деп жоспарланған. Бүгінгі таңда 9 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған. Оның ішінде Созақ, Төлеби және Шардара аудандарында 300-дей тұрақты жұмыс орындары ашылған. Өңірде тұрақты жұмыс орындарын ашуға басымдық берілмек.
Күн тәртібінде тазалық мәселесіне айрықша мән беріліп, осы саладағы кемшіліктер айтылды. Өңір басшысымен қолға алынған тазалық айлығының өту барысы, арнайы құрылған мониторингтік топтың пікірі тыңдалды. Түркістан қаласы бойынша тазалық жұмыстарының жай-күйі сөз болды. Қазіргі таңда Түркістанның барлық 875 көшесінің тазалығына «Түркістан Жарық Тазалық» ЖШС және «Шымкент Спец Комплекс» ЖШС мекемелері жауапты. Механикалық жолмен 136 көше тазаланса, 651 көше қолмен тазаланады. Қала аумағы 6 тұрғын үй секторына бөлінген, әрбір секторда жеке кәсіпкерлер қосалқы мердігер ретінде тартылып, қоқыс алу жұмыстарын жүргізіп келеді. Қоқысты алып кету бойынша жұмыс кестесі түзілген. Дегенмен тұрғындар тарапынан санитарлық талапты сақтамайтындары да кездесуде. Белгіленген күннен бұрын көше бойына шығарылған қоқыс иелеріне түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, екінші рет қайталанған жағдайда айыппұлдар салынады. Қоқыс тастау ережесін бұзып, қала тазалығына кері әсерін тигізген 80 азаматқа 900 мың теңге айыппұл салынған.
Облыс әкімі мониторинг жұмыстары барлық аудан, қалада жүргізілетінін айта келе тұрғындардың экологиялық сауаттылығын арттыру бағытында түсіндіру жұмысын күшейтуді тапсырды. Ережеге бағынбай, өзі тұратын аумақтағы көшені ластайтын тұрғындарға айыппұлдар салу ісі де жалғасады.√

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Шымкентте Қошқар ата өзенін абаттандыру жобасы жаңа қарқынмен жүзеге асуда

Возрождение реки Кошкар ата: Шымкентская река превращается в современную рекреационную зону

26.11.2025
Шымкентте Қошқар ата өзенін абаттандыру жобасы жаңа қарқынмен жүзеге асуда

Шымкентте Қошқар ата өзенін абаттандыру жобасы жаңа қарқынмен жүзеге асуда

26.11.2025
Шымкенттегі Қызылжар-2 шағынауданы толыққанды инженерлік инфрақұрылымға қосылды

От дефицита к развитию

26.11.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған