• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 9 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ АЯСЫНДА 12 МЫҢҒА ЖУЫҚ ШӘКІРТ ТЕГІН БІЛІМ АЛАДЫ

18.04.2022
in Басты ақпарат
КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ АЯСЫНДА 12 МЫҢҒА ЖУЫҚ ШӘКІРТ ТЕГІН БІЛІМ АЛАДЫ

Шымкент қаласында экономика салаларын білікті мамандармен қамтамасыз ету, техникалық және кәсіптік білім беру бағытында кадрлар даярлауда іс-шаралар жоспары әзірленген. Қазіргі таңда қалада техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде 34 961 студент білім алуда. Жалпы 10 сала, 75 мамандық, 166 біліктілік бойынша мамандар даярлау жолға қойылған.

Оқи отырыңыз...

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА СҰРАПЫЛ СОҒЫСТЫҢ ҚАРТ МАЙДАНГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА СҰРАПЫЛ СОҒЫСТЫҢ ҚАРТ МАЙДАНГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

08.05.2025
«Пакетная фабрика» ЖШС қағазды қайта өңдеуді дамытуға жеңілдетілген қаржы алды

«Пакетная фабрика» ЖШС қағазды қайта өңдеуді дамытуға жеңілдетілген қаржы алды

08.05.2025
ҚХА-НЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА «АҚЫЛ-ОЙ» ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫ ӨТТІ

ҚХА-НЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА «АҚЫЛ-ОЙ» ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫ ӨТТІ

08.05.2025

«Білімді ұлт» ұлттық жоспарына сәйкес, шаһарда 2022-2023 оқу жылына 16 466 шәкіртті қабылдау жоспарланып отыр: мемлекеттік тапсырыс бойынша 11 704 орын (70 пайыз), ақылы негізде 4 762 (30 пайыз) орын. Мемлекеттік тапсырыс аясында қажетті мамандықтар бойынша 9 сынып (8193) және 11 сынып бітірушілері (3 511) тегін оқумен қамтылады. Мемлекеттік тапсырыс көлемі өткен жылдан 7 173 орынға артқан.

Қалалық білім басқармасының салааралық іс-шаралар жоспарына сәйкес, бұл бағытта кадрлар даярлауға сұранысты қалыптастыру, дуалды оқыту жүйесін дамыту, қысқа мерзімді оқыту, бітіруші түлектерді жұмысқа орналастыру іс-шаралары жүргізілуде.
2022 жылы үшжақты келісімшарт негізінде (әкімдік, колледж, кәсіпорын) 15 кәсіпорын 11 мемлекеттік колледжді қамқорлыққа алды. Шымкент қаласындағы 30 колледж жанынан Индустриялдық кеңестер және 28 қамқоршылық кеңес (11 мемлекеттік, 17 жекеменшік колледждерде) құрылды. 8 колледжде 2520 студент (11,3 пайыз) дуалды оқытумен қамтылған. Дуалды оқытумен қамтылған студенттер санын 2025 жылға қарай 42 %-ға жеткізу жоспарда.
2022 жылы бітіруші түлектерді жұмысқа орналастыру жоспары әзірленген. Жалпы 8468 бітіруші болса, оның ішінде жұмысқа орналасатыны – 7 197 (85 %), жоғары оқу орындарына түсетіні – 501 (5,9 %), әскерге кететіні – 162 (1,9 %).

Сонымен қатар, 11 колледж қысқа мерзімді оқытуды талапқа сай атқаруға дайын. Биыл сәуір-шілде айларында қала колледждері жұмыс берушілермен бірлесе 180 білім беру бағдарламаларын жасап, сараптамадан өткізеді.
Дуалды оқыту форматы бойынша 14 колледжде 5 900 студент қамтылады. Қосымша 58 кәсіпорынмен келісімшарт түзіледі. Бітірушілердің жұмысқа орналасу көрсеткішін кемінде 85 %-ға жеткізу көзделуде.

Жалпы айтқанда ірі кәсіпорындардың аса қажетті мамандықтарына талдау жасалып, өңірдегі білім беру ұйымдарының білікті кадрларын жаңа жұмыс орындарына ұсыну жұмыстарын ұйымдастыру, әлеуетті жұмыс берушілермен бірлесе «Бос орындар жәрмеңкесін» жүйелі түрде өткізу басты назарда тұр.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА СҰРАПЫЛ СОҒЫСТЫҢ ҚАРТ МАЙДАНГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА СҰРАПЫЛ СОҒЫСТЫҢ ҚАРТ МАЙДАНГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

08.05.2025
«Пакетная фабрика» ЖШС қағазды қайта өңдеуді дамытуға жеңілдетілген қаржы алды

«Пакетная фабрика» ЖШС қағазды қайта өңдеуді дамытуға жеңілдетілген қаржы алды

08.05.2025
ҚХА-НЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА «АҚЫЛ-ОЙ» ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫ ӨТТІ

ҚХА-НЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА «АҚЫЛ-ОЙ» ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫ ӨТТІ

08.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған