• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 9 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

AMANAT» : ЖОЛ КАРТАСЫ ТОЛЫҚҚАНДЫ ОРЫНДАЛУЫ ТИІС

15.04.2022
in Басты ақпарат
AMANAT» : ЖОЛ КАРТАСЫ ТОЛЫҚҚАНДЫ ОРЫНДАЛУЫ ТИІС

Жол картасының орындалуы «EasyProjесt» ақпараттық жүйесіне енгізіліп, тұрақты бақылауда болады. Бұл туралы бүгін «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық мәслихаттағы фракциясының мәжілісінде айтылды.
Аймақтық партия филиалының Атқарушы хатшысы, Фракция жетекшісі Бейсен Тәжібаев төрағалық еткен жиынға облыстық мәслихат хатшысы Қайрат Балабиев және облыс әкімінің орынбасары Арман Сәбитов қатысты. Фракция отырысына 17 аудан, қалалық партия филиалдарының төрағалары, фракция мүшелері, барлық деңгейдегі 263 депутат, облыстық жауапты басқарма басшылары онлайн және офлайн форматта қосылды. Күн тәртібінде 3 мәселе қаралды.

Оқи отырыңыз...

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА СҰРАПЫЛ СОҒЫСТЫҢ ҚАРТ МАЙДАНГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА СҰРАПЫЛ СОҒЫСТЫҢ ҚАРТ МАЙДАНГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

08.05.2025
«Пакетная фабрика» ЖШС қағазды қайта өңдеуді дамытуға жеңілдетілген қаржы алды

«Пакетная фабрика» ЖШС қағазды қайта өңдеуді дамытуға жеңілдетілген қаржы алды

08.05.2025
ҚХА-НЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА «АҚЫЛ-ОЙ» ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫ ӨТТІ

ҚХА-НЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА «АҚЫЛ-ОЙ» ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫ ӨТТІ

08.05.2025

Өңірлік Жол карталарының 2021 жылы орындалуы және 2022 жылға жоспарланған жұмыстар туралы облыстық стратегия және экономикалық даму басқармасының басшысы Қанат Қайыпбектің есебі тыңдалды. Жол карта аясында 2021 жылы 7 бағыт бойынша 110 іс-шара жоспарланып, нақты 96,4 пайызы орындалған. Ал биыл 149 іс-шараны орындау жоспарда. Оған барлық қаржы көздерін тарту көзделіп отырғанын жеткізді. Дегенмен фракция жетекшісі былтыр орындалмаған 39 іс-шара қайта қаралып, тиісті басқармамен жұмыс жүргізу нәтижесінде олардың саны 34-ке қысқарған мәлімдеді. 5 іс-шара орындалу үстінде статусына енгізілді.

Осы тұста Б.Тәжібаев облыстық партия филиалының төрағасы Ө.Шөкеевтің өңірлік филиалдың кезекті XLI конференциясында жүктеген тапсырмаларының орындалуы қатаң қадағалауда екенін атап өтті. Сайлауалды уәделерді орындау бойынша Түркістан облысы Республика көлемінде 4-ші орында екенін хабарлап, өз баяндамасында депутаттық рейтинг жүйесі жайлы сөз қозғады.

— Өздеріңізге белгілі, рейтингтік жүйені жүргізу үшін арнайы интернет портал іске қосылып, әр депутатқа жеке кабинет ашылды. Депутаттық қызметтерді растау үшін материалдарды жүктеу және оны бағалау 3 бағытта жүргізілуде. 2021 жылдың қорытындысы алдағы маусым айында барлық фракция мүшелерінің белсенділігі жайлы мәліметтер жарияланатын болады, — деді фракция жетекшісі.

Сонымен қатар ережеге сәйкес депутаттардың рейтингтегі төмен көрсеткіштері олардың мандатын кері қайтаруға және партияның кадрлық резервін ротациялауға негіз болатынын ескертіп, аталған бағыттағы жұмыстарды күшейту керектігін айтты.
Күн тәртібіндегі 3-ші мәселе мектептердегі инклюзивті сыныптардың жай-күйі және методикалық қаржыландырылуы туралы облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысының орынбасары А.Садықова баяндама жасады. Биыл инклюзияны қолдау кабинеттерінің арнайы педагогтарын әдістемелік сүйемелдеу үшін облыстық бюджеттен тиісті қаржы қарастырылған. 2021-2022 оқу жылында 17 аудан, қалада 1 мектептен инклюзивті білім беруді қолдау үшін ресурстық мектептер бекітілгенін хабарлады.

Жиын соңында облыс әкімінің орынбасары А.Сәбитов қорытынды сөз сөйлеп, бірқатар тапсырмаларды жүктеді.

— Биылғы жылы облыс бойынша 1565 іс-шараны орындау міндеті тұр. Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша 81 іс-шараның орындалмай қалу қаупі анықталып отыр. Осы орайда, былтырғы жылы Жол карта бойынша жұмыс істеген тәжірибемізді қолдана отырып жұмысты күшейтуіміз керек, — деді А.Сәбитов. Фракция мәжілісінде қаралған мәселелер назарға алынып, қаулы қабылданды.

«AMANAT» партиясы
Түркістан облыстық филиалының
баспасөз қызметі.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА СҰРАПЫЛ СОҒЫСТЫҢ ҚАРТ МАЙДАНГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА СҰРАПЫЛ СОҒЫСТЫҢ ҚАРТ МАЙДАНГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

08.05.2025
«Пакетная фабрика» ЖШС қағазды қайта өңдеуді дамытуға жеңілдетілген қаржы алды

«Пакетная фабрика» ЖШС қағазды қайта өңдеуді дамытуға жеңілдетілген қаржы алды

08.05.2025
ҚХА-НЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА «АҚЫЛ-ОЙ» ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫ ӨТТІ

ҚХА-НЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА «АҚЫЛ-ОЙ» ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫ ӨТТІ

08.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған