• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Понедельник, 26 октября, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

БОЗБАЛА МЕН БОЙЖЕТКЕН –2022»: АБЫЛАЙХАН МЕН АЯУЛЫМ БАЙҚАУДЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

15.04.2022
in Басты ақпарат
БОЗБАЛА МЕН БОЙЖЕТКЕН –2022»: АБЫЛАЙХАН МЕН АЯУЛЫМ БАЙҚАУДЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

Бүгін Қозы Көрпеш – Баян Сұлу күні. Елімізде ғашықтар күнін тойлау дәстүрге айналған. Осыған орай, қаламызда Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері басқармасы мен Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Бозбала мен Бойжеткен – 2022» байқауы өтті.
– «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу эпосы» – халқымыздың інжу-маржаны, асыл қазынасы. Бұл мәңгілік махаббат символы күніне айналып үлгерді. Мерекені атап өту жастар арасында кең тарап, қазақтың құндылығы мен қайталанбас дәстүрі дәріптеліп келеді. Бұл байқаудың мақсаты – ұлтымыздың салт-дәстүріне байланысты жастарды әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу. Жастардың бойындағы шығармашылық қабілеттерін, өнерге деген құштарлығын арттыру, — деді алғаш сөз алған жауапты басқарма өкілі Мұхтар Төлепов.
Жалпы, байқауға қатысуға оқу орындарынан 50-ге жуық жұп қатысып, соның ішінде 8 жұп «Бозбала мен Бойжеткен – 2022» байқауына жолдама алған.
Үш кезеңнен тұрған байқауда үміткерлер өз өнерлерін көрсетіп, қазақ халқының әдеп-ғұрпы мен салт-дәстүрінен қойылымдар қойып, өз білімдерін сынға салды. Сахнада талантты жастар ұлттық киімде шығып, тарихымызды, салт-санамызды паш етіп, көрермендердің көңілінен шықты. Қорытындысында қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар анықталды.
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің жастары – Абылайхан мен Аяулым І орынды иеленді. Осы оқу ордасынан келген жұп Бексұлтан мен Сымбат – ІІ орын, Қуатбеков атындағы Халықтар Достығы университетінің дарынды жұбы Сәкен мен Ару – үшінші орынға лайық деп танылды. Жеңімпаздарға сыйлықтар табысталды. Өзге де қатысушылар «Көрермен көзайымы», «Парасатты жұп» «Креативті жұп» «Өнерлі жұп», «Жарасымды жұп» номинацияларымен марапатталды.
Айдана МҰХТАРОВА,
Фото Серік ҚОСАЕВ

Оқи отырыңыз...

Шымкентте 26 қазанда ХҚКО мен МХҚКО-лар жұмыс істемейді

Шымкентте 26 қазанда ХҚКО мен МХҚКО-лар жұмыс істемейді

23.10.2026
ТҮРКІСТАНДА ТҮРКІ ЕЛДЕРІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ БАС ҚОСАДЫ 

ТҮРКІСТАНДА ТҮРКІ ЕЛДЕРІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ БАС ҚОСАДЫ 

21.10.2026
Қазақстан бойынша 600-ден астам сауда нысаны Republic Day және Bereke Fest акцияларына қосылды 

Қазақстан бойынша 600-ден астам сауда нысаны Republic Day және Bereke Fest акцияларына қосылды 

21.10.2026
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨК ТУ КӨККЕ КӨТЕРІЛІП, КӨК БАЙРАҚҚА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ПОДНЯЛИ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ФЛАГ И ОТДАЛИ ДАНЬ УВАЖЕНИЯ ГОЛУБОМУ ПОЛОТНУ

25.10.2026
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨК ТУ КӨККЕ КӨТЕРІЛІП, КӨК БАЙРАҚҚА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨК ТУ КӨККЕ КӨТЕРІЛІП, КӨК БАЙРАҚҚА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

25.10.2026
Республика күні: Президент қолынан шен алған Ұлттық ұлан офицері жас сарбаздарды әскери қызметке баулып жүр.

День Республики: получивший погоны из рук Президента офицер Национальной гвардии обучает молодых солдат.

25.10.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған