• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Вторник, 13 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

АУТИЗМГЕ ШАЛДЫҚҚАН БАЛАЛАР МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

11.04.2022
in Басты ақпарат
АУТИЗМГЕ ШАЛДЫҚҚАН БАЛАЛАР МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жыл сайын бүкіл әлем бойынша аутизмге шалдыққан балалар саны 15-20 пайызға артып барады. Ерекше балалардың өзекті мәселелері Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ерғали Білісбековтың АРДА «Аутизмі бар балалардың ата-аналар Альянсы» қоғамдық қорының мүшелерімен кездесуі барысында талқыланды. Жиынға қалалық денсаулық сақтау, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, білім басқармаларының жауапты қызметкерлері қатысты.
«Бұл азаматтардың ата-ана ретінде бауыр еті баласы үшін тартқан қиындықтары өте ауыр. Ешбір адам алда қандай мәселеге тап боларын, қай жерде, қалай сүрінерін білмейді. Сондықтан ерекше назардағы әр балаға өз баламыздай жанымыз ашып, олардың мәселесін өз проблемамыздай қарауымыз қажет»,-деді Ерғали Білісбеков.
Кездесуде аутизмге шалдыққан балалармен жұмыс жүргізетін мамандардың тапшылығы, олардың біліктілігін арттыру мәселелері талқыланды. Қоғамдық қор белсенділері сондай-ақ, ерекше балаларымен өздері жеке айналысатын орталық ашулары үшін ғимарат сұрайды. Айтуларынша бұл балаларға оңалту және аутизм орталықтарында бөлінетін уақыт мөлшері де жеткіліксіз. Оңалту орталықтарында ем қабылдау үшін ұзақ уақыт бойы кезек күтуге мәжбүрміз дейді олар.
Сала мамандарының айтуынша аутизммен ауыратын балаларға елімізде ерекше көңіл бөлінген. Оларға Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары мен «Болашақ»,«Әділ Бұлақ» және осыдан 3 жыл бұрын ашылған «Асыл Мирас» аутизм-орталығында оңалту шаралары жүргізіледі. Сонымен қатар, биыл 110 орынға есептелген аутизм орталығын ашу жоспарлануда.
Қалалық білім беру мекемелерінде аутизм диагнозы бар балаларға арналған 5 психологиялық түзету кабинеттерінде дефектолог, психолог және олигрофенопедагог мамандары да тегін қызмет көрсетеді.
Мектептерде инклюзивтік білім беру кабинеттері және 1 ресурстық орталығы ашылған. Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға 47 ассистент ұстаз қолдау көрсетеді. Жиында көтерілген өзекті мәселелер алдағы уақытта бақылауға алынып, шешімін табу жолдары қарастырылатын болады. Тараптар осы мақсатта үш ай сайын бас қосуға келісті.

Оқи отырыңыз...

Бәйдібек ауданындағы кәсіпкерлер инфрақұрылым мен қаржылық қолдауға мұқтаж

Бәйдібек ауданындағы кәсіпкерлер инфрақұрылым мен қаржылық қолдауға мұқтаж

12.05.2025
Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

10.05.2025
2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

10.05.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Жеңіс күні – елдік пен ерліктің ме­ре­кесі!

Жеңіс күні – елдік пен ерліктің ме­ре­кесі!

12.05.2025
Бәйдібек ауданындағы кәсіпкерлер инфрақұрылым мен қаржылық қолдауға мұқтаж

Бәйдібек ауданындағы кәсіпкерлер инфрақұрылым мен қаржылық қолдауға мұқтаж

12.05.2025
Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

10.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған