• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 9 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ТҮРКІСТАН: ШАРДАРА МЕН ЖЕТІСАЙ АУДАНДАРЫНДА ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛДЫ 

05.04.2022
in Басты ақпарат
ТҮРКІСТАН: ШАРДАРА МЕН ЖЕТІСАЙ АУДАНДАРЫНДА ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛДЫ 

Түркістан облысында Рамазан айы қарсаңында екі мешіт ел игілігіне берілді. Атап айтсақ, Шардара ауданының Жаушықұм ауылдық округінде жаңадан заман талабына сай биік мұнаралы алтын күмбезді мешіт бой көтерді.

Оқи отырыңыз...

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

09.05.2025
ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

09.05.2025
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

09.05.2025

Жеке кәсіпкер Алтынбек Қонаров ескі мешіт орнына жаңа құлшылық ордасының салынуына демеуші болып, ауыл тұрғындарын қуантты. Салтанатты рәсімде алдымен Құран аяттары оқылып, дұға жасалса, Шардара ауданы әкімінің орынбасары Нұрмахан Нартайұлы ауыл тұрғындарын көптен күткен мешіттің ашылуымен құттықтады. Сондай-ақ мешіт құрылысына демеушілік жасаған Алтынбек Құрманбекұлына ризашылығын білдіріп, аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлының атынан  алғыс хатпен марапаттады.

Одан бөлек еңбек ардагері Рахым Көлбайұлы, аудандық қажылар қауымдастығының мүшесі Ислам Әуесұлы жиналған жұртшылыққа құттықтау сөздерін айтты.  Ал Шардара аудандық орталық мешітінің бас имамы Марат Асанов та ауыл тұрғындарының қуанышына ортақтасып, Түркістан облысының бас имамы Еркебұлан Қарақұловтың құттықтау сәлемін жеткізді.

«Мешітке кез келген адам ізгілік іздеп келеді. Мешіт – адамдарды мейірімділікке, сүйіспеншілікке шақыратын, бір-біріне қамқор болып, қол ұшын беретін, мұқтаж адамның жанына тыныштық табатын, сондай бір қасиетті ұлық мекен. Бұл – имандылықтың, білімнің, ғылымның ордасы» деді ол.

Мешітке тыл ардагері, қос дәуірдің куәгері, елге еңбегі сіңген, көпке қамқор болған Қонар Бегімбетовтің есімі берілді.

Сондай-ақ Түркістан облысы Жетісай ауданына қарасты Жылы су ауылдық округінде жаңа мешіт ел игілігіне берілді.Рамазан айы қарсаңында пайдалануға берілген «Ән-Нуур» мешітінің ашылу рәсіміне ҚМДБ төрағасының орынбасары, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы мен Жетісай ауданының бас имамы Жорабай Дулатбаев, сондай-ақ дін саласының мамандары, ардагерлер мен жергілікті тұрғындар қатысты. Өмірден өткен ата-баба рухына құран бағышталып, ас берілді. Жамағатпен бірге жұма намазы оқылды. Көпшілікпен бірге мешіт ауласына көшет егілді.

Мешіт құрылысына демеушілік жасаған ауылға белгілі азамат Пердебек қажы Бахтияров екенін атап өткен жөн. Ұрпақ қамын ойлап, елі үшін тер төккен азаматтың еңбегін бағалап, ағайын-туыс пен ауылдастары Пердебек Бахтияровтың иығына зерлі шапан жауып, астына ат мінгізді.

Бір мезетте 350 адамның еркін құлшылық етуіне мүмкіндік жасалған мешітте намазхана мен дәретхана, діни сауатын арттырушыларға арналған кішігірім кітапхана да бар.

ShareTweetShareSendShare1Share

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

09.05.2025
ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

09.05.2025
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

09.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған