• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Суббота, 18 октября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

Қазақстанда заңсыз такси қызметі үшін жаза қатаңдатылуы мүмкін

04.04.2022
in Басты ақпарат
Қазақстанда заңсыз такси қызметі үшін жаза қатаңдатылуы мүмкін

Қазақстанның Әкімшілік кодексіне енгізу жоспарланып отырған түзетулерге сәйкес, елімізде заңсыз такси қызметі үшін жаза қатаңдатылуы мүмкін,-деп хабарлайды «Newqazaq.kz» ақпараттық порталы KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме жасай отырып.
Айта кетейік, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске өзгерістер енгізу туралы заң жобасы 2021 жылғы тамыз айында ұсынылған болатын. Алайда сол кезде заң жобасы қайта қарауға жіберілген еді.
Енді «Ашық НҚА» порталында аталған заң жобасының жаңа нұсқасы жарияланып отыр.
Оған сәйкес, такси қызметін көрсету үшін тиісті құжаттар болуы керек. Әдетте бұл мәселе әр түрлі жеке тасымалдау қызметтеріне жұмысқа тұру сатысында шешіледі.

Оқи отырыңыз...

Десять лет успеха: в Шымкенте прошел бизнес-форум деловых женщин

17.10.2025
Жетістікке толы 10 жыл: Шымкентте іскер әйелдердің бизнес-форумы өтті

Жетістікке толы 10 жыл: Шымкентте іскер әйелдердің бизнес-форумы өтті

17.10.2025
«Өтепберген» шаруа қожалығының есебі бұғатталды: мәселе Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының бақылауында

«Өтепберген» шаруа қожалығының есебі бұғатталды: мәселе Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының бақылауында

17.10.2025

Сәйкесінше, тиісті рұқсат құжаттарынсыз жолаушыларды ақшаға тасымалдаған көлік жүргізушілері әкімшілік жазаға тартылуы мүмкін.
Мұндай құқықбұзушылық үшін ӘҚБтК 463-бабы бойынша («Тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды) жүзеге асыру») айыппұл салынады.
Айыппұл мөлшері:

жеке тұлғалар үшін 15 АЕК немесе 45 945 теңге (2022 жылға сәйкес);

лауазымды тұлғалар үшін 25 АЕК немесе 76 575 теңге;

заңды тұлғалар және бизнес өкілдері үшін кәсiпкерлiк субъектiсiнiң көлемiне қарай және мүлкі тәркiленуi мүмкiн болған жағдайда 25-тен 150 АЕК-ке дейiн, яғни 76 575 теңгеден 459 450 теңгеге дейiн соманы құрайды.

12 ай ішінде тағы құқықбұзушылық тіркелсе, онда айыппұл мөлшері екі есеге көбеюі мүмкін. Жаңа түзетулерге сәйкес, айыппұл салудан бөлек, көлікті айып тұрағына қою жазасы да ұсынылып отыр.

Көлікті айып тұрағына қою

Қазіргі уақытта көлік құралын айып тұрағына қою себептерінің тізімі Әкімшілік кодекстің 797-бабында көрсетілген. Оған көлікті мас күйінде жүргізу, тұраққа дұрыс қоймау, көліктің техникалық талаптарға сай келмеуі және т.б. кіреді.
Енді бұл тізімге ӘҚБтК 463-бабы бойынша заңсыз жолаушы тасымалдағандар да кірмек. Яғни, заңсыз такси қызметін ұсынған жүргізушілердің көлігі де айып тұрағына қойылуы мүмкін.
Айта кетейік, қазақстандықтар айып тұрағынан көлігін тегін алып кете алады. Бұл үшін қандай да бір алымдар немесе төлемдер алынбауы қажет.
Басты шарт — көліктің арнайы тұраққа жеткізілуіне әкеп соқтырған құқықбұзушылықтың себебін жою керек

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ «ӘЗІРБАЙЖАН ЭТНОСЫНЫҢ ТІЛІ, МӘДЕНИЕТІ ЖӘНЕ САЛТ-ДӘСТҮРІ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕ «ӘЗІРБАЙЖАН ЭТНОСЫНЫҢ ТІЛІ, МӘДЕНИЕТІ ЖӘНЕ САЛТ-ДӘСТҮРІ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ

18.10.2025
ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ

РЕСПУБЛИКАНСКИЙ ТУРНИР ПО ДЕБАТАМ СТАРТОВАЛ В ШЫМКЕНТЕ

18.10.2025
ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ

18.10.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған