• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 17 октября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ ҰСТАЗЫН ҮЛГІ ЕТТІ

30.03.2022
in Басты ақпарат
ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ ҰСТАЗЫН ҮЛГІ ЕТТІ

300-ге жуық ұстаздың басын қосқан «Ясауи көктемгі мектебі» жобасына арнайы қатысқан Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев педагогтардың сан алуан сұрақтарына жауап берді. Облыс әкімі мектептегі ұстазын үлгі етіп, өзінің осы дәрежесіне мектеп табалдырығындағы мұғалімінің тәрбиесінің арқасында жеткенін ерекше еске алды.

Оқи отырыңыз...

Жүк көліктерінің қозғалысына шектеу: Кәсіпкерлер палатасы мәселені шешуді қолға алды

Жүк көліктерінің қозғалысына шектеу: Кәсіпкерлер палатасы мәселені шешуді қолға алды

16.10.2025
Қуаңшылықтан кейінгі қыстақ: Арыста мал азығын дайындау мәселесі талқыланды

Қуаңшылықтан кейінгі қыстақ: Арыста мал азығын дайындау мәселесі талқыланды

16.10.2025
ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА САЛЫҚ КОДЕКСІН ТҮСІНДІРУГЕ АРНАЛҒАН КЕҢЕЙТІЛГЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА САЛЫҚ КОДЕКСІН ТҮСІНДІРУГЕ АРНАЛҒАН КЕҢЕЙТІЛГЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

15.10.2025

«Бұл кездесу жоспарда жоқ еді. Алайда осында облысымыздың түпкір-түкпірінен ұстаздар жиналып жатқанын естіп, өздеріңізбен жүздесіп кетуге арнайы келдім. Сіздердің еңбектеріңіз ерен. Бәріміз мектептен шықтық. Мен оқыған мектебімде Сәуле Әлжанқызы деген апайымыз болды. Берген тәрбиесі, сол кісінің жұмысы, мектепке деген адалдығы, бар жан-тәнін салып жұмыс істегені әлі менің есімнен кетпейді. Ол мектепте тұратын. Сол жерде қыстың күні пеш орналасқан бөлмеде жүріп, жұмысшылармен бірге от жағатын. Осындай кісілердің арқасында осындай мықты ұстаздан үлгі алған талай ұрпақ тәрбиеленді. Сол кісілердің тәрбиесі бәрімізге жетті. Ешкімнен кем тәрбиеленген жоқпыз. Білім жағынан да, тәрбие, спорт жағынан да. Бүкіл мектептердегі жұмыстарды ұйымдастыру сіздерге байланысты. Жас кезімізде біз математика, физика олимпиадаларына дайындалатынбыз. Музыкамен айналысатынбыз. Өнерге жақын болдық, күрес, футболға барып, бос уақыт болмайтын. Оның бәрін сол мектептегі мұғалімдер ұйымдастыратын. Сол сияқты көп нәрсе сіздерге байланысты. Қазір, әрине басқа заман. Балалар компьютерде отырады. Оның бәрі пайда әкелмейді. Денсаулықтың жақсы болуы 90 пайыз адамның салауатты өмір салтына, қалғаны медицинаға байналысты. Сондықтан балалардың жан-жақты дамуы сіздерге байналысты», — деді Өмірзақ Шөкеев.

Облыс басшысы өңірдің үш жылдағы әлеуметтік-экономикалық дамуымен бөлісті. Өз кезегінде ұстаздар еркін әңгіме барысында Өмірзақ Естайұлына сұрақтарын қойды. Өңір мұғалімдері білім ұяларының күрделі жөндеуден өтуі, пән сыныптарының ашылуы, өңірдегі инфрақұрылымның дамуы секілді мәселелер бойынша сауалдарына тұшымды жауап алды.

Арнайы жобаға шақырылған білім ұяларының ұстаздары облыстың түкпір-түкпірінен келген. Маңызды жобаны ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің 30 жылдығына орай, оқу ордасы мен «Soft Skills Qazakhstan» компаниясы ұйымдастырды. Жобаның мақсаты – жылдам өзгеріп жатқан әлемде инновациялар мен заманауи технологияларға бағдарланған жалпы білім беретін мектептердің, гимназиялар мен лицейлердің сынып жетекшілері мен мұғалімдерін балалармен жұмыс істеуге бейімдеу арқылы білімдері мен біліктіліктерін арттыру.
Көктемгі мектепке Түркістан облысындағы жалпы білім беретін мектептердің оқу және тәрбие ісінің меңгерушілері, мұғалімдері қатысуда. Олар бес бағыт бойынша заманауи әдістер мен тәсілдерді меңгеруде. Атап айтсақ, «ХХІ ғасырдың басты дағыдысы: Эмоционалды интеллект», «Қазіргі заманғы мектеп: Жастар кәсіпкерлігін қолдау», «Қазіргі заманғы педагогиканың негізгі мәселесі: Буллингпен күрес және балалар құқығын қамтамасыз ету», «Болашақтың мектебі: Аралас білім беру (Blended Learning)», «Трансформациялық көшбасшылық: әлемді жақсы жаққа бірге өзгертейік» бағыттары қамтылған.

Кездесуден соң облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев университетттің 30 жылдығына орай ашылған аллеяға ағаш отырғызып, Наурыз мерекесінің салтанатты іс-шарасына қатысты.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

«Таза Казахстан»: жители Шымкента и молодежь приняли активное участие в масштабной экологической акции

«Таза Қазақстан»: Шымкентте қала тұрғындары мен жастар кең ауқымды экологиялық акцияға белсене қатысты

16.10.2025
«Таза Казахстан»: жители Шымкента и молодежь приняли активное участие в масштабной экологической акции

«Таза Казахстан»: жители Шымкента и молодежь приняли активное участие в масштабной экологической акции

16.10.2025
Дүниежүзілік инклюзивті білім беру конгресі: «Қолжетімділік. Теңдік. Өрлеу»

Дүниежүзілік инклюзивті білім беру конгресі: «Қолжетімділік. Теңдік. Өрлеу»

16.10.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған