• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Воскресенье, 15 ноября, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ТҮРКІСТАНДА НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ СЕНБІЛІК ҰЙЫМДАСТЫРЫЛЫП, АҒАШ КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

19.03.2022
in Басты ақпарат
ТҮРКІСТАНДА НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ СЕНБІЛІК ҰЙЫМДАСТЫРЫЛЫП, АҒАШ КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Бүгін Түркістанда Наурыз мерекесіне орай, облыстық қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен сенбілік өтті. Тазалық шарасы аясында қала аумағында ағаш көшеттері отырғызылды.

Оқи отырыңыз...

ТҮРКІСТАНДА «МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНИКАЦИЯ: МАСС-МЕДИАМЕН ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА БАСҚОСУ ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА «МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНИКАЦИЯ: МАСС-МЕДИАМЕН ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА БАСҚОСУ ӨТТІ

14.11.2026
Дуальды оқыту бойынша тәлімгерлерге арналған біліктілікті арттыру курсы аяқталды

Дуальды оқыту бойынша тәлімгерлерге арналған біліктілікті арттыру курсы аяқталды

11.11.2026
Жұмыс берушілердің кадр даярлауға қатысуы

Жұмыс берушілердің кадр даярлауға қатысуы

11.11.2026

Игі шараға облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Аңсар Өсербаев бастаған мекеме ұжымы мен басқармаға қарасты «Қоғамдық келісім», «Жастар ресурстық орталығы», «Ақпараттық талдау орталығы» КММ-лері қызметкерлері және өңірдегі этномәдени бірлестік пен үкіметтік емес ұйым өкілдері, Түркістан қалалық әйелдер кеңесінің мүшелері, еріктілер белсене қатысты. Сенбілікке қатысушылар көше бойын қалдық қоқыстардан тазартып, егілген ағаш көшеттерін күтіп-баптады.

Тазалық шарасына келіп, ағаш отырғызған басқарма басшысы Аңсар Өсербаев Наурызда ағаш отырғызуды ежелден халқымыз игі дәстүрге айналдырғанын еске салып, барша тұрғындарды Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамымен құттықтады.

– Көктем келе айналамызды тазартып, жыл басына дайындаламыз. Тал егіп, бұлақ көзін ашамыз. Наурыз мерекесіне орай өтіп жатқан бұл сенбіліктің қоршаған ортаны сақтауға қосар үлесі мол. Бүгінде жаңарған Түркістан қаласының жасыл желегі ұлғайып, саябақтар қатары артып келеді. Бұл ретте, өскен ортамызды абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарына атсалысу әрбір тұрғынның азаматтық ұстанымы болуы тиіс. Жалпы өзің тұрып жатқан жердің тазалығына үлес қосу – туған жерге деген қамқорлықтың бір белгісі, – деді басқарма басшысы.

Сенбілік барысында Түркістан қаласындағы әуежайға барар жолда орналасқан жасыл белдеу аймағында жалпы 200-ге жуық қарағаш, шырша, т.б. ағаш көшеттері отырғызылды. Осылайша, шараға қатысушылар Мемлекет басшысының орман алқаптарында 2 млрд ағаш отырғызу туралы тапсырмасын орындауға өз үлестерін қосты.

Тазалық шарасының соңында аға буын өкілдері жастарға ақ батасын беріп, табиғат жанашырларына «Наурыз» кәдесыйлары тарту етілді.

Айта кетейік, өңірде тазалық жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Мемлекеттік тілдің мәртебесі – елдігіміздің айғағы

Мемлекеттік тілдің мәртебесі – елдігіміздің айғағы

15.11.2026
ТҮРКІСТАНДА «МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНИКАЦИЯ: МАСС-МЕДИАМЕН ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА БАСҚОСУ ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА «МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНИКАЦИЯ: МАСС-МЕДИАМЕН ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА БАСҚОСУ ӨТТІ

14.11.2026
КАЧЕСТВЕННАЯ ПИТЬЕВАЯ ВОДА ДЛЯ ЖИТЕЛЕЙ: В ТОЛЕБИЙСКОМ РАЙОНЕ РЕАЛИЗОВАНО ПОРУЧЕНИЕ ПРЕЗИДЕНТА

КАЧЕСТВЕННАЯ ПИТЬЕВАЯ ВОДА ДЛЯ ЖИТЕЛЕЙ: В ТОЛЕБИЙСКОМ РАЙОНЕ РЕАЛИЗОВАНО ПОРУЧЕНИЕ ПРЕЗИДЕНТА

13.11.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған