• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 9 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ТҮРКИЯНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ ТҮРКІСТАННЫҢ ДАМУ БАҒЫТЫН ОҢ БАҒАЛАДЫ

05.03.2022
in Басты ақпарат
ТҮРКИЯНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ ТҮРКІСТАННЫҢ ДАМУ БАҒЫТЫН ОҢ БАҒАЛАДЫ

Түркия Республикасының вице-президенті Фуат Октай Түркістан қаласына жұмыс сапарымен келді. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне ат басын бұрған делегация университет ұжымымен кездесу өткізді. Келелі жүздесуге Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Өкілетті кеңесінің төрағасы, профессор Мухиттин Шимшек, университет ректоры Жанар Темірбекова және оқытушы-профессор құрамы мен студенттер қатысты.
Өкілетті кеңес төрағасы, профессор Мухиттин Шимшек мәжілісті ашып, қадірменді қонақты университет қабырғасында мейман ету – оқу орны үшін үлкен мәртебе екендігін атап өтті. Оқу ордасында жүзеге асып жатқан іргелі жұмыстарды баяндады.
Университет ректоры Жанар Темірбекова және ректор өкілі Женгиз Томар сөз сөйлеп, Фуат Октайға білім мен ғылымның дамуына қосқан үлесі үшін «Құрметті профессор» академиялық атағы берілгенін атап өтіп, мантиясын кигізіп, құжатын табыстады.
Түркия Республикасының вице-президенті Фуат Октай мырза мінберде Қазақстан Республикасына ресми сапары аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев және Премьер-министр Әлихан Смайыловпен кездескенін баяндады. Екіжақты кездесулердің бауырлас елдердің ынтымақтастығын жаңа деңгейге көтеретінін атап өтті. Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Қожа Ахмет Ясауи сынды ғұламалар мұрасының өзектілігін тілге тиек етіп, Абай Құнанбайұлының ғылымға үндеген туындысынан үзінді оқыды.
Концерттік бағдарламадан кейін Фуат Октай қонақ университет аумағының макетімен танысып, «Төрағалар аллеясына» ағаш отырғызды. Сонымен бірге Түркістан қаласындағы бірқатар мәдениет және руханият нысандарын аралап, Түркістандағы өзгерістерді жоғары бағалады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз...

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

09.05.2025
ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

09.05.2025
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

09.05.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

09.05.2025
ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

09.05.2025
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

09.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған