• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Суббота, 17 октября, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА «ПАРАСАТ» ПІКІРТАЛАС КЛУБЫ ҚҰРЫЛДЫ

02.03.2022
in Басты ақпарат
ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА «ПАРАСАТ» ПІКІРТАЛАС КЛУБЫ ҚҰРЫЛДЫ

Түркістан облысы, Жетісай ауданында «Парасат» пікірталас клубы ашылды. Клубтың алғашқы жиынына аудан әкімінің орынбасары Серік Пірімбеков төрағалық жасап, жүргізіп отырды.
Жиында ауданның ардагерлері мен қоғамдық ұйымдарының басшылары, аудандық мәслихат депутаттары мен жастар, БАҚ өкілдері мен белсенді блогерлер клубтың мәртебесі мен өкілеттіктерін айқындайтын ережелерді талқылап, төраға сайлау мәселесі дауысқа салынды.
«Аманат» партиясы Жетісай аудандық филиалы жанынан ашылған пікірталас алаңында жергілікті халықтың ұсыныстарына қарай өңір басшылары мен тұрғындар тұрақты түрде ашық диалог жүргізіп, ең өзекті проблемаларды талқылап, шешу жолдарын қарастырды.
– Біз «Парасат» клубында мемлекет басшысы, партия төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауы мен «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасымен ұштастыра отырып аудандағы өзекті мәселелердің шешілу жолдарын қарастырамыз. Кез-келген саладағы олқылықтар осындай басқосуларда ашық талқыланып, клуб мүшелерінің ұсыныстары мен пікірлері ескерілетін болады. Бұл – өз кезегінде халықтың жағдайын жақсартуда оң ықпал етеді деп сенеміз, – деді Серік Пірімбеков.
Басқосуда клубтың ережесі мен мақсаты, міндеті, оның құрамы, басшылық жасау тәртібі, жалпы клубтың ұйымдастыру жұмыстары толық түсіндірілді. «Парасат» пікірталас клубының төрағасы болып «Аманат» партиясы Жетісай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық мәслихат депутаты Әділхан Асауов, орынбасары болып аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Айтбай Махамбетов бірауыздан сайланды. Енді жетісайлық тұрғындар өзекті мәселелерді «Парасат» мінберінде көтеріп, басшылармен тікелей пікірлесе алады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз...

Шымкентте тоғыз айда 160 мың жүргізуші куәлігі онлайн ауыстырылды

Шымкентте тоғыз айда 160 мың жүргізуші куәлігі онлайн ауыстырылды

14.10.2026
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ БАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ МӘСЛИХАТТАРДЫҢ ӨКІЛЕТТІГІН МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ТОҚТАТУ ТУРАЛЫ ЖАРЛЫҚҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ БАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ МӘСЛИХАТТАРДЫҢ ӨКІЛЕТТІГІН МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ТОҚТАТУ ТУРАЛЫ ЖАРЛЫҚҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ

12.10.2026
Шымкент дүниеге келген сәбилер саны бойынша Қазақстанда төртінші орында

Шымкент дүниеге келген сәбилер саны бойынша Қазақстанда төртінші орында

12.10.2026
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

От идеи к производству: как изменились возможности казахстанского бизнеса за семь лет

От идеи к производству: как изменились возможности казахстанского бизнеса за семь лет

16.10.2026

ТЕҢ МҮМКІНДІК – ӘДІЛ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

16.10.2026
ШЫМКЕНТТІҢ БАС ЖОСПАРЫНА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ШЫМКЕНТТІҢ БАС ЖОСПАРЫНА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

16.10.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған