• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Четверг, 1 октября, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ШЫМКЕНТ: ӘСКЕРИ ЖЕТЕКШІЛЕРДЕН ТӘЛІМ АЛҒЫСЫ КЕЛЕТІН ЖАСТАРДЫҢ САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

02.03.2022
in Басты ақпарат
ШЫМКЕНТ: ӘСКЕРИ ЖЕТЕКШІЛЕРДЕН ТӘЛІМ АЛҒЫСЫ КЕЛЕТІН ЖАСТАРДЫҢ САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

Бүгін Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты №68 мектепте «Айбыны асқақ жас сарбаз» атты семинар-сабақ өтті. Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне 30 жыл толу мерекесіне орай ұйымдастырылған іс‐шараға Қарулы күштердің ардагерлері, білім басқармасының әдіскері Бақытжан Нұсқабаев пен Шымкент қалалық «Жас сарбаз» ұйымының төрағасы Еркін Сәбит қатысты.
Іс‐шара жастардың әскери‐патриоттық тәрбиесін жетілдіру, әскери клубтардың қызметін үйлестіру мақсатында ұйымдастырылды.
Республика көлемінде өткен семинар сабақта «Aibyn-2021» әскери патриоттық клубының жастары іс‐тәжірибелерімен бөлісті.
– №68 мектептің екі сыныбында «Жас сарбаз» клубын аштық. Клубта ҚР Қарулы күштердің ардагерлері жас сарбаздармен тәжірибесімен бөліседі. Әскери жетекшілерден тәлім алғысы келетін жастардың саны артып келеді. Туған елі үшін еңбек ететін жас ұрпақты өсіріп, болашақ Отан қорғаушыларды тәрбиелеуіміз керек, – деді полковник Серік Онбаев.
Айта кетейік, №68 мектептің әскери сыныбында 77 оқушы білім алуда. Оқушылар автоматты шашып, қайта жинауды, саптық шеру мен алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйренеді.
«Шымкент келбеті» – Ақбөпе ЕРГЕШ

Оқи отырыңыз...

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауда адвокаттармен бірлескен жұмыс күшейеді

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауда адвокаттармен бірлескен жұмыс күшейеді

30.09.2026
ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ІТ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЖАҢА ОҚУ КОРПУСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ІТ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЖАҢА ОҚУ КОРПУСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

30.09.2026
Жекеменшік мектептердің өзекті мәселелері салалық кеңесте қаралды

Жекеменшік мектептердің өзекті мәселелері салалық кеңесте қаралды

30.09.2026
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ҮШ ҰРПАҚ – ОРТАҚ МҰРАТ: ШЫМКЕНТТЕ ҚАРИЯЛАР ӨЗАРА КІМ МЫҚТЫНЫ АНЫҚТАДЫ

ҮШ ҰРПАҚ – ОРТАҚ МҰРАТ: ШЫМКЕНТТЕ ҚАРИЯЛАР ӨЗАРА КІМ МЫҚТЫНЫ АНЫҚТАДЫ

01.10.2026
Қазақстан прокуратурасының делегациясы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Бас прокурорларының үйлестіру кеңесінің жұмысына қатысты

Делегация казахстанской прокуратуры приняла участие в работе Координационного совета генеральных прокуроров государств-участников СНГ

01.10.2026
Қазақстан прокуратурасының делегациясы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Бас прокурорларының үйлестіру кеңесінің жұмысына қатысты

Қазақстан прокуратурасының делегациясы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Бас прокурорларының үйлестіру кеңесінің жұмысына қатысты

01.10.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған