• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Среда, 28 октября, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

АУДАН БЕЛСЕНДІЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУДЕ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

26.02.2022
in Басты ақпарат
АУДАН БЕЛСЕНДІЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУДЕ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Шымкент қаласы әкімінің апта сайынғы аудан белсенділерімен кездесуі жалғасуда. Мұрат Әйтенов бүгін қарамағына 24 елді мекен кіретін Қаратау ауданының ауыл билері және белсенді тұрғындарымен кездесті.

Оқи отырыңыз...

Республика күні қарсаңында кәсіпкерлік саласының өкілдері марапатталды

Республика күні қарсаңында кәсіпкерлік саласының өкілдері марапатталды

28.10.2026
Түркістандық кәсіпкерлерге МӘМС төлемдері мен еңбек заңнамасы түсіндірілді

Түркістандық кәсіпкерлерге МӘМС төлемдері мен еңбек заңнамасы түсіндірілді

27.10.2026
Экспорттық квота талаптары жеңілдетілді: Түркістан кәсіпкерлерінің мәселесі шешімін тапты

Экспорттық квота талаптары жеңілдетілді: Түркістан кәсіпкерлерінің мәселесі шешімін тапты

27.10.2026

«Бетпе-бет» форматта өткен басқосуда екі апта бұрын болған кездесуде көтерілген 14 мәселелердің орындалу барысы талқыланды.

«Нұртас» шағын ауданы жастарының тәрбиесі бойынша көтерілген мәселенің орындалуы баяндалған жиналыста айтылған мәселелердің бүгінде үшеуі орындалып, қалғандары бойнша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқаны айтылды.

Қаратау ауданы аумағында жастар саны 53 662 кұрайды. Бұл аудан аумағындағы барлық тұрғындардың 21,6 пайызы. Аудан жастарының басқосып тұруға қолайлы орындарға талдау жұмыстары жүргізілді. 2021 жылы қыркүйек айынан бастап Қаратау ауданының жастары үшін «Жастар ресурстық орталығы» ашылып, қазіргі таңда қызмет көрсетуде. Ғимарат көп функционалды, бір мезетте 80-100 адамға қызмет көрсету мүмкіндігі бар. Онда жастарға қызмет көрсету, талантты жастарды қолдау, коворкинг орталығы, еріктілерді қолдау, кітапхана және психологиялық кеңес беру бағыттары бойынша қызмет көрсетеді.

Сонымен бірге, Шапырашты тұрғын алабында жаңадан салынған ойын алаңшасында зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Мердігер мекеме тарапынан кемшіліктерді ретке келтіру жұмыстары атқарылып жатқаны баяндалды.

Азық-түлік дүкендеріндегі тауарлардың бағасына қатысты мәселенің орындалуы бойынша, «Қайтпас» шағынауданындағы азық-түлік және сауда орталықтары мен дүкендерде Қаратау ауданы әкімі аппаратының мамандары тарапынан тауарлар бағасы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілгені, алдағы уақытта тұрақты түрде аудан аумағындағы тауар бағаларына мониторинг жүргізілетіні айтылды.

Қала әкімі әрбір белсенді қозғаған мәселесін мұқият қарап, шешу жолын қарастыруды жүктеді. Мұрат Дүйсенбекұлы осындай кездесулер мәселелердің маңызын айқындау және бірлесе жұмыс атқару үшін өте қажет екенін атап өтті.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

«ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС»: ҚАЗАҚСТАНДА ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ИНЖЕНЕРЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ЖАҢҒЫРТУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛЕДІ

«ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС»: ҚАЗАҚСТАНДА ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ИНЖЕНЕРЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ЖАҢҒЫРТУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛЕДІ

28.10.2026
ХАНЗАДА УИЛЬЯМ БРИТАНДЫҚ ШОУДА ҚАЗАҚСТАНДЫ МАҚТАДЫ

ХАНЗАДА УИЛЬЯМ БРИТАНДЫҚ ШОУДА ҚАЗАҚСТАНДЫ МАҚТАДЫ

28.10.2026
КАЗАХСТАНСКИХ САЙГАКОВ ПОКАЗАЛИ НА БРИТАНСКОМ ШОУ

КАЗАХСТАНСКИХ САЙГАКОВ ПОКАЗАЛИ НА БРИТАНСКОМ ШОУ

28.10.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған