• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Среда, 23 сентября, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

«ӘЛЕМ БАЛАЛАР КӨЗІМЕН»

25.02.2022
in Басты ақпарат
«ӘЛЕМ БАЛАЛАР КӨЗІМЕН»

Бүгін Шымкенттегі «Қоғамдық келісім» мекемесі мен Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасы бірлесіп «Әлем балалар көзімен» көрмесін өткізді. Балалар жылы мен Алғыс айту күні қарсаңында ұйымдастырылып отырған шараға Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты 10 мектептен 70 оқушы қатысып, 100-ден аса туындыны көрмеге ұсынған.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, көрме қаладағы түрлі этнос өкілдерінің ішінен талантты бүлдіршіндердің шығармашылығын, қолөнер туындыларын насихаттап, олардың инновациялық креативті әлеуетін арттыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Сондай-ақ, бұл шара этностар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға да септігін тигізбек.
— Мектеп оқушыларын отансүйгіштікке тәрбиелеп, олардың бейнелеу өнері мен қолөнерге деген қызығушылығын арттыру үшін ерекше бастаманы қолға алып отырмыз. Өнерге қанат қағып келген бүлдіршіндердің бір-бірімен танысып, шығармашылық орта қалыптастырып, өзара идея алмасуына мүмкіндік беруді жөн көрдік. Қолөнер туындыларын көпшілікке көрсету арқылы жас суретшілерді жігерлендіріп, шабыт сыйлағымыз келді, — деді қалалық Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапхананың директоры Анар Жаппарқұлова.
Жамбыл атындағы №26 мектеп-гимназияның мұғалімі Салтанат Байбосынова көрмеге 3 шәкіртінің қолөнер туындысын әкелген.
— Балаларды еңбекке баулып, қолөнер туындыларын жасағанды жаным сүйеді. Дәрістен тыс уақытта мектеп бағдарламасында кездесе бермейтін түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып, жаңа туындыларды дүниеге әкелеміз. Жуырда Ресейдегі курстастарыммен байланысып, ондағы шіркеудің безендіруінде қолданылатын поталь материалын арнайы алдырдым. Қазір осы материалмен жұмыс істеу жолдарын да үйретіп жатырмын. Көлемі 8 см х 8см ғана болатын жұмыс материалы біздің елімізде табыла да бермейді. Алайда, оны қолданған туындылар ерекше шығады, — дейді Салтанат Ертайқызы.
Жиын соңында «Қоғамдық келісім» мекемесі басшысының орынбасары Бағлан Илесов көрме қатысушыларына белсенді атсалысқаны үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ, 15 жетекші мен 70 оқушы қос мекеменің арнайы мерекелік алғыс хатымен марапатталды.
«Шымкент келбеті» — Ақбөпе ЕРГЕШ

Оқи отырыңыз...

Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара академиясына, Ресей Федерациясы және Түрік Республикасының жоғарғы әскери оқу орындарына үміткерлерді әскери оқуға шақырады

23.09.2026
«Цифрлық Қазақстан: жасанды интеллект – заман талабы»: студенттерге жаңа технологиялардың мүмкіндіктері таныстырылды

«Цифрлық Қазақстан: жасанды интеллект – заман талабы»: студенттерге жаңа технологиялардың мүмкіндіктері таныстырылды

22.09.2026
Құрылтай депутаттары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың зерделі ұлт қалыптастыру бастамасына үн қосты

Құрылтай депутаттары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың зерделі ұлт қалыптастыру бастамасына үн қосты

22.09.2026
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

«Ауқымды құрылыс»: Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу-қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

«Ауқымды құрылыс»: Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу-қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

23.09.2026
«Большая стройка»: 33,5 млрд теңге выделено на строительство перинатального центра и второй ВПП аэропорта в Шымкенте

«Большая стройка»: 33,5 млрд теңге выделено на строительство перинатального центра и второй ВПП аэропорта в Шымкенте

23.09.2026
Шымкент: қалаға жаңа қуаттар қажет

Шымкент: қалаға жаңа қуаттар қажет

23.09.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған