• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 9 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

Мас халде көлік жүргізу қауіпті

21.02.2022
in Басты ақпарат

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей бастамасымен заңдарға өзгерістер енгізіліп, 2020 жылдың басынан бері мас күйінде көлік жүргізгендерге қолданатын жазаның түрі қатаңдатылды.

Оқи отырыңыз...

ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

09.05.2025
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

09.05.2025
ТҮРКІСТАН: АРЫСТЫҚТАР ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІН ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ТҮРКІСТАН: АРЫСТЫҚТАР ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІН ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

09.05.2025

Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабында жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру — он бес тәуліктен отыз тәулік арасында әкімшілік қамаққа алынып, жеті жылдан тоғыз жыл аралығындағы мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру көзделген.

Шардара аудандық сотында 2021 жылы 29 тұлға спирттік ішімдік ішіп мас халде автокөлік құралын басқарғандығы туралы әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс материалдары қаралды. Осының ішінде 28 тұлға қатысты әкімшілік қамаққа алу жазасы мен көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы, ал 1 тұлғаға көлік құралын басқару құқығынан айыруға жаза тағайындалды.

Енді мас күйінде көлік жүргізу мен апатқа ұшырау ауыр қылмыс қатарына енгізілді. Ал жазасы – бас бостандығынан айыру мен жүргізу куәлігінен өмір бойы айырылу. Зардап шегуші тараппен татуласуға рұқсат берілмейді.

Ал апат өлімге әкелген жағдайда Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 345-бабына сәйкес 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Егер азамат мас күйінде екі рет ұсталса, онда көлік жүргізу құқығынан өмір бойға айырылады.

2021 жылы аудандық сотпен 2 тұлғалға қатысты үкім қабылданған.

Әлем елдерінің тәжірибесі мас күйінде көлікке отыру – ірі қылмыс. Мұны әлем елдерінің заң тәжірибесінен де байқауға болады.

Мәселен, көрші Ресейде мас күйінде бірінші рет ұсталған азамат 1,5 жыл жүргізуші куәлігінен айырылып, 30 мың рубль айыппұл, екінші рет ұсталса, 4 жыл жүргізу құқығынан айырылып, 300 мың рубль айыппұл салынады. Ал мас күйінде апатқа түссе, 9 жылға сотталады.

Беларусь үкіметі мас жүргізушінің көлігін тартып алып, конфискация жасайды әрі жүргізушіге 1200$ шамасында айыппұл төлетеді. Ауыр жағдай болса, 10 жыл бас бостағындығынан айырылады.

Қытайда мас күйінде апатқа түсіп, адам өлтірген жүргізуші өлім жазасына кесіледі. Ал жай мас күйінде ұсталса, 1-6 ай шамасында түрмеге отырады әрі 3 жыл жүргізу құқығынан айырылады. Рөлге отырған адамның қанында мүлдем алкоголь болмауы тиіс.

Жапонияда заң бұдан да қатал. Онда көлікке мас күйінде отырған жүргізушімен бірге жанында отырған жолаушылар да жазаға тартылады. Жолаушыларға 3000$ шамасында айыппұл салынады. Ал жүргізушіге шарап құйған бармен жұмысынан айырылады.

Еуропа елдерінде мас күйінде ұсталған азаматтар айыппұл төлейді, әр елде әртүрлі. Германияда 500 еуродан 3 мың еуроға дейін жетсе, Францияда 135 еуродан 4500 еуроға дейін жетеді. Францияда мас күйінде көлік апатына түскен жүргізушіге 35 мың еуро айыппұл салынады, ал кісі өліміне себепші болса, 10 жылға сотталады немесе 150 мың еуро айыппұл төлейді.

Сапарбек ИБАДУЛЛАЕВ,
Шардара аудандық сотының кеңсе меңгерушісі.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

09.05.2025
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

09.05.2025
ТҮРКІСТАН: АРЫСТЫҚТАР ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІН ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ТҮРКІСТАН: АРЫСТЫҚТАР ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІН ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

09.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған