• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Вторник, 28 апреля, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ ТҮРКІСТАН ХАЛҚЫМЕН КЕЗДЕСТІ

18.02.2022
in Басты ақпарат
МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ ТҮРКІСТАН ХАЛҚЫМЕН КЕЗДЕСТІ

✔️ ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Түркістан өңіріне жұмыс сапарымен келіп, рухани шаһар халқымен кездесті. Түрлі сала өкілдерімен басқосып, тұрғындардың мәселелерін тыңдады.

Оқи отырыңыз...

Түркістанда Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған іс-шара өтті

Түркістанда Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған іс-шара өтті

27.04.2026
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ — ЖАУАПТЫ МІНДЕТ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ — ЖАУАПТЫ МІНДЕТ

27.04.2026
Шымкентте негізгі практикалық емтиханға дейін дайындықты тексеруге болады

Шымкентте негізгі практикалық емтиханға дейін дайындықты тексеруге болады

27.04.2026

✔️ Мәжіліс депутаты Дархан Мыңбай Түркістан қаласындағы заманауи үлгіде бой көтерген облыстық “Фараб” ғылыми-әмбебап кітапханасында өңірлік «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалы жанындағы «Miras» қоғамдық кеңес мүшелері, зиялы қауым өкілдері, қоғамдық пікір көшбасшыларымен жиын өткізді. Басқосуда аймақтың рухани-мәдени дамуы мен қатар қоғамда орын алып жатқан өзекті тақырыптар қозғалды. Атап айтқанда ұлттық идеологияның маңыздылығы, білім сапасын жақсарту, азық-түлік қымбатшылығы, жастарды қолдау және тағы басқа мәселелер ортаға салынды. Депутатқа жиын қатысушылары мен кітапхана ұжымы өз ұсыныстарын жеткізді. Сондай-ақ Дархан Қамзабекұлы өңірдегі ақпарат саласының қызметкерлерін бір арнаға тоғыстырған «Алатау медиа-орталығында» болып, БАҚ өкілдерімен де жүздесті.Онда телекоммуникация және баспа жұмыстарының жай-күйімен танысып, журналистер қауымымен диалог орнатты.

✔️ Депутат Құдайберген Ержан ІІМ Түркістан қалалық полиция бөлімінің жұмысымен танысып, қызметкерлерімен кездесу өткізді. Онда құқық қорғау органдарының материалдық-техникалық базасын нығайту, Түркістан қаласынан отбасында қараусыз қалған балаларға арналған орталық ашу туралы ұсыныстарды Ержан Төлепұлы назарға алды.

✔️ Қала тұрғындарымен бетпе-бет көрісіп, тілдесу үшін депутат Қайнар Абасов Отырар мөлтек ауданына барды. 25-ке жуық азамат тұрғылықты жердегі проблемалармен қатар жеке мәселелерінің шешілуіне ықпал етуді сұрады. Олардың айтуынша қол жеткізген баспананың сапасы сын көтермейді. Коммуналдық мәселелер де жиі туындайды. Сонымен қатар балаларға арналған спорт үйірмелерін ашу, жұмыссыздық, атаулы әлеуметтік көмектің машақаты жөнінде депутатқа шағымдарын жеткізді. Қ.Абасов барлық ұсыныс пен өтініштер қараусыз қалмайтынын айтты.

✔️ Жұмыс сапарының аясында Мәжіліс депутаттары жергілікті тұрғындарға жеке қоғамдық қабылдау өткізуі жоспарланған. Депутат Сырым Ертаев Түркістан қаласының азаматтарын қабылдап, мұң-мұқтажын тыңдады. Қабылдауда жалпы 9 азаматтың мәселелері қаралды. Атап айтқанда жер алу, баспанамен қамтамасыз ету, кәсіпкерлікті қолдау, әлеуметтік көмек, халықты құжаттандыру бойынша өтініштері мен ұсыныстарын Мәжіліс депутаты қарастырып, жауап беретінін айтты.

❗️Халық қалаулылары Түркістан облысының ауыл-аймақтарын аралауды бастады.

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті заңсыз ойын бизнесімен айналысқан қылмыстық топтың қызметін тоқтатты

ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті заңсыз ойын бизнесімен айналысқан қылмыстық топтың қызметін тоқтатты

28.04.2026
ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті заңсыз ойын бизнесімен айналысқан қылмыстық топтың қызметін тоқтатты

Департаментом АФМ по г.Шымкент пресечена деятельность преступной группы, осуществлявшей незаконный игорный бизнес

28.04.2026
МҚІА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ:  476 қызмет алушының бұзылған құқықтары қалпына келтірілді

МҚІА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ: 476 қызмет алушының бұзылған құқықтары қалпына келтірілді

27.04.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған