• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 9 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ТЕГІН АДВОКАТТЫҚ КӨМЕК

17.02.2022
in Басты ақпарат
ТЕГІН АДВОКАТТЫҚ КӨМЕК

Елдегі үздіксіз кезең-кезеңмен өткізіліп келе жатқан құқықтық реформалардың көздеген міндеттерінің бірі – халықтың құқықтық мәдениетін көтеріп, құқықтық санасын заман талабына сай қалыптастыра отырып, кім болса да өз мүддесін тек заңға жүгіне отырып, тиімді қорғай алуына жағдай жасау екендігі көпке мәлім. Бұл жұмыстар нәтижелі атқарылған жағдайда Қазақстан Республикасының Конституциясының 13-бабының 2-ші және 3-ші тармақтарында қаралған: «әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғауына құқығы бар. Әркімнің білікті заң көмегін алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегі тегін көрсетіледі» — деген нормалары әрбір адамға қол жетімді болады.
Барлық сала қазіргідей қарқындап өсіп жатқан кезеңде заңның көмегіне жүгінудің қажеттілігі тіпті күшейіп тұр. Кәсіпкер де, мемлекеттік қызметкер де, өнер адамы да, тіпті қарапайым адам да басына түскен әрқилы жағдайлар бойынша заңның көмегіне жүгінудің тиімді екеніне көздері жетті. Осы бағыттағы жұмыстарды жандандырып, тиімді іс-шаралар қарастырып, заңнаманы дер кезінде жетілдіріп отыру мемлекеттің міндеті.
Қолданыстағы ұлттық заңнаманың талабына сәйкесті заң көмегін ұйымдастыру және көрсету мемлекеттік органдарға, құқық қорғау саласы мен арнайы құрылған қоғамдық ұйымдарға жүктелген. Сонымен қатар барлық уәкілетті органдар қабылданған нормативтік құқықтық актілермен танысу үшін мүдделі тұлғаларға оларды қолжетімді етуге де міндетті.
Адвокат көмегіне тегін жүгінуге болады. Бұл туралы еліміздің «Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету туралы», «Адвокаттық қызмет туралы» Заңдарында жазылған. Десек те, бүгінде азаматтардың көпшілігі мұндай қызмет түрі туралы біле бермейді. Олай болса, тегін адвокаттық қызмет қандай жағдайда, кімдерге ұсынылады?
2018 жылы елімізде адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заң қабылданды. Ол азаматтардың білікті заң көмегін алуға конституциялық құқығын іске асыру мақсатында әзірленген. Халықтың әлеуметтік осал топтары, өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдар үшін ақысыз заң көмегі берілуі тиіс.
Айта кету керек, елімізде аталған заңдардың қабылдануымен біртұтас жүйе қалыптасты. Соның негізінде мемлекет кепілдік берген заң көмегін өз құзыретінде нормативтік құқықтық актілерде көзделген тәртіп бойынша барлық мемлекеттік органдар, адвокаттар, нотариустар және жеке сот орындаушылары көрсетуі тиіс.
Адвокат көрсететін заң көмегі – бұл алимент өндіріп алу, зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау, босқын немесе оралман мәртебесін алу мәселелері, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандардың істеріне қатысты беріледі.
Бұдан басқа, егер сот қарап жатқан дау кәсіпкерлік қызметпен байланысты болмаса, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен оларға теңестірілген азаматтар, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер, І, ІІ топтағы мүгедектер мен зейнеткерлер де бұл көмекке жүгіне алады.
Тегін адвокаттық көмек алуға жататын санаттар адвокаттар алқасына келіп, көмек алуына болады. Сотқа дейінгі және сот процесінде лауазымды тұлғаға немесе сотқа айтып, адвокат қажет десе, арызына сәйкес, оған тегін адвокаттық көмек беріледі. Ең бастысы, азаматтар өздерінің мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға құқығын растайтын құжатты ұсынуға міндетті. Мәселен, алимент өндіріп алу мәселесімен заң көмегін алушы азамат жеке куәлігі мен өндіріп алуды растайтын құжаты, прокуратура органы берген ақтау туралы анықтаманы ұсынуы тиіс.
Бүгінде адвокаттық қызмет сот органдарынан тәуелсіз болды. Себебі, бұрын адвокаттардың тегін көрсететін қызметі бойынша төлемақыны құқық қорғау органдары төлеп келсе, қазір барлық төлемдерді аумақтық әділет органдары жүзеге асырады. Бұл ретте адвокаттардың еңбегіне ақы төлеуде қордаланған мәселелер де бар. Дәлірек айтқанда, адвокаттарға ақы төлеу үшін белгіленген органмен қаулы шығарылады.
Ал, шығарылған қаулылардың дұрыстығына облыстық әділет департаменті тарапынан үнемі бақылау жүргізіледі. Тексеріс барысында анықталған бірқатар кемшіліктерге байланысты қаулылар адвокаттар алқасына кері қайтарылады.
Еліміздің Ата Заңында көрсетілгендей, әрбір қазақстандық мемлекет қорғауында болады. Сондықтан, басына іс түскен азаматтар адвокат қызметін тегін алуға құқылы.

Оқи отырыңыз...

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

09.05.2025
ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

09.05.2025
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

09.05.2025

Зинеш АЙТЖАНОВА,
Қызылорда облысы,
Арал ауданаралық
әділет басқармасының басшысы.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

09.05.2025
ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

09.05.2025
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

09.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған