Ағымдағы жылы тұрғын үй сертификаттарын беру үшін жергілікті бюджеттен 500 млн. теңге қаржы қарастырылуда. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз брифингінде Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасы басшысы Ғалымжан Утенбаев мәлімдеді.
Өткен жылы тұрғын үй кезегіндегі азамттардың кредиттік тұрғын үйлерге деген қолжетімділігін арттыру және табысы жетпейтін азаматтарды ынталандыру мақсатында жергілікті бюджет есебінен қайтарымсыз негізде 416 тұрғын үй сертификаттары өтеусіз көмек ретінде берілді. Бұл көрсеткіш 2020 жылмен салыстырғанда 4 есеге артқан.
Биылғы жылы тұрғын үй сертификаты әзірге басталған жоқ. Тұрғын үй сертификаттары бойынша азаматтардан өтінімдер қабылдау басталатыны туралы хабарлама барлық бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және жергілікті арналар мен басылымдарда алдын ала жарияланатын болады.
Тұрғын үй сертификаты «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында несие негізінде «2-10-20», «5-10-20»,және «7-20-25» бағыттары шеңберінде тұрғын үйді сатып алу кезінде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін азаматтарға берілетін әлеуметтік көмек.