• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 9 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШІ ОРЫНДАЛУДА

05.02.2022
in Басты ақпарат
ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШІ ОРЫНДАЛУДА

Президентіміздің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру негізінде, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов әкімдік ғимаратында Еңбекші ауданының белсенді тұрғындарымен кездесті.

Оқи отырыңыз...

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

09.05.2025
ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

09.05.2025
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

09.05.2025

Қаңтар айында қала басшысы Еңбекші ауданының шалғай жатқан 16 елді мекен тұрғындарымен жүздесіп, олардың өтініштерін тыңдаған болатын. Кездесулер барысында ауыл билері мен тұрғындар тарапынан 47 өтініштер мен мәселелер көтерілді. Олардың 27-не кездесу барысында нақты жауаптар берілген болса, қалған 20 мәселелерді шешу үшін тиісті іс-шаралар бекітілген болатын.

Бүгінгі күнге жоғарыда аталған 20 мәселенің 7-і шешімін тапты. Жиында осы бойынша аудан әкімі Досбол Есілбек баяндады.

«Қаратөбе аумағындағы жол бойынша «Әлем ТрансЖол» ЖШС мердігер мекеме анықталып, Жастар көшесінде ауа райының қолайлығына орай жұмыстар басталады. Ал, «Базарқақпа» тұрғын алабындағы электр желілерді жаңарту үшін «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС-і инвестициялық бағдарламасына енгізілді. Жұмыстар ағымдағы жылы жүргізіледі. Сонымен қатар, «Базарқақпа» тұрғын алабында орналасқан 9 көп қабатты тұрғын үйлерді кәріз жүйелеріне қосу үшін ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге қажетті смета құжаттары әзірленіп, бюджеттік нақтылауына ұсыныстар енгізілді»,-деді аудан әкімі.

Тұрғындармен болған кездесуде көтерілген «Тоғыс» тұрғын алабындағы трансформаторлардың қауіпсіздік қоршауларын жүргізу бойынша «Оңтүстік ЖарықТранзит» ЖШС-і апатты тұрған трансформаторды жөндеп, қоршауларын орнаттты. Ал, Маятас, Елтай, Жыланбұзған, Айнатас елді мекендердің орталық көшелеріне аялдама орнату үшін қойылатын жерлері белгіленіп, орнату жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстар осы айдың соңына дейін толық аяқталады. Сонымен қатар, «Қазығұрт» мәдениет үйінен спорт және өнер үйірмелерін ашу үшін инвестор арқылы жұмыс жүргізу шешімі қабылданған.

Аудан әкімі көтерілген басқа проблемалардың орындалуы бойынша тиісті жұмыстар жүргізіп жатқанын атап өтті.

Ашық диалог форматындағы кездесуде ауданға қатысты барлық мәселелер көтеріліп, алда атқарылатын жұмыстар талқыланды. Ауыл билері ағын су, сапалы интернет пен орталық көшеге бейнебақылау камерасын орнатуды және «Бадам» өзені жағалауларына бетонды дамба қойып, бекіту және абаттандыру жұмыстарын жүргізуді, қосымша мектеп салу мәселесін айтты.

Қала әкімі әрбір белсендінің қозғаған мәселесін мұқият тыңдап, сұрақтарға жеке-жеке жауап берді. Халықтың өтініші орындалатынына сенім білдіріп, әрбір мәселе кезек ретімен шешімін табатынын айтып түсіндірді.

Тұрғындардың өтініші бойынша сала жетекшілеріне нақты тапсырма жүктеліп, орындалуын бақылау үшін хаттамаға енгізілді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

09.05.2025
ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

09.05.2025
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

09.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған