• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Вторник, 28 апреля, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ШЫМКЕНТТЕ 13 МЫҢНАН АСТАМ БАЛА ТЕГІН СПОРТ СЕКЦИЯЛАРЫНА ЖАЗЫЛҒАН

02.02.2022
in Басты ақпарат
ШЫМКЕНТТЕ 13 МЫҢНАН АСТАМ БАЛА ТЕГІН СПОРТ СЕКЦИЯЛАРЫНА ЖАЗЫЛҒАН

Бүгінде Шымкент қаласында 65 спорт кешенінде 13 059 бала мемлекеттік тапсырыстың аясында спорт секцияларында жаттығып жатыр. Әрі бұл көрсеткіш күннен күнге көбейіп келеді. Шымкент қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметі бойынша, балалар баскетбол, бокс, еркін күрес, грек-рим күресі, волейбол, көркем гимнастика, дзюдо, каратэ, таеквондо, жүзу, үстел теннисі, футбол, пауэрлифтинг, шахмат, қазақ күресі және футзал, барлығы 16 спорт түрімен айналысып жатыр.
Бүгін жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мемлекеттік спорттық тапсырыстың аясында жан басына қаржыландыру жүйесі бойынша жұмыс істеп жатқан спорт кешендерінің бірінде болып, жұмыс барысымен танысты.
—Біздің спорт кешені 2019 жылы пайдалануға берілді. 2021 жылға дейін балаларды ақылы негізде жаттықтырып келген болатынбыз. Былтырдан бері спорт секцияларына бюджет есебінен жан басына қаржыландыру жүйесі енгізілді. Бүгінде осы жүйе арқылы грек-рим күресі, дзюдо, каратэ және бокс бойынша 548 баланы жаттықтырып жатырмыз. Әр баланы жаттықтырғанымыз үшін ай сайын бюджеттен 11 800 – 14 000 теңге аралығында қаржы аламыз. Бұл жүйенің артықшылығы – ата-аналар жаттығу ақысынан босатылады, яғни, баласын спорт секциясына тегін жібере алады, – дейді Шымкент қаласы Еңбекші ауданында орналасқан «Хабиболла қажы» спорт кешенінің директоры Зиядулла Қожаев.
Айта кетейік, егер балаңызды тегін өнер үйірмесі немесе спорт секциясына жаздырғыңыз келсе, www.artsport.edu.kz порталы арқылы өтініш беруіңізге болады.
«Шымкент келбеті» – Айдар ҚҰЛЖАНОВ,
Фото Серік ҚОСАЕВ.

Оқи отырыңыз...

Түркістанда Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған іс-шара өтті

Түркістанда Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған іс-шара өтті

27.04.2026
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ — ЖАУАПТЫ МІНДЕТ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ — ЖАУАПТЫ МІНДЕТ

27.04.2026
Шымкентте негізгі практикалық емтиханға дейін дайындықты тексеруге болады

Шымкентте негізгі практикалық емтиханға дейін дайындықты тексеруге болады

27.04.2026
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

МҚІА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ:  476 қызмет алушының бұзылған құқықтары қалпына келтірілді

МҚІА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ: 476 қызмет алушының бұзылған құқықтары қалпына келтірілді

27.04.2026
МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР БОЙЫНША I ТОҚСАНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫ

МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР БОЙЫНША I ТОҚСАНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫ

27.04.2026
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ САЯСАТТАҒЫ ЖАҢА БАҒДАРЛАР МЕН БАСЫМ БАҒЫТТАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ САЯСАТТАҒЫ ЖАҢА БАҒДАРЛАР МЕН БАСЫМ БАҒЫТТАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

27.04.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған