• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Среда, 2 июля, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ — САПА КЕПІЛІ

02.02.2022
in Басты ақпарат
ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ — САПА КЕПІЛІ

Шымкент қаласында 138 мың оқушы тегін тамақпен қамтылған. Осы мақсатта жергілікті бюджеттен 8 млрд. теңге қаралып отыр. Бұл жөнінде Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ш.Мұқан баспасөз турында мәлімдеді.
Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ш.Мұқан, қалалық білім басқармасының басшысы Ж.Тәжиева №132, №135 жалпы орта мектептерге барып, ондағы ыстық тамақ беру мәселесімен танысты.
— Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың ұйғарымымен 2022 жыл — Балалар жылы болып бекітілді. Президент тапсырмасына сәйкес, жыл басынан бері 1-4 сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамту мәселесі қолға алынды. Шымкентте 138 мың оқушыны ыстық тамақпен қамту көзделген. Оның 27 мыңы әлеуметтік аз қамтылған отбасынан шыққандар. Осы мақсатта жергілікті бюджеттен 8 млрд. теңге қаралып отыр. Жалпы, мұндай істе қоғамдық бақылаудың маңызы зор. Сондықтан әр мектепте белсенді ата-аналардың басын қосып, мектеп асханасының жұмысын бақылап, пікір қосып отыруға шақырып жатырмыз , — деді Шыңғыс Жұмабекұлы.
Ш.Мұқан мектеп асханаларын аралау барысында бас аспаздармен тілдесті. Әрбір тамақтың тиісті нормаларға сай болуын қадағалауды тапсырды. Сонымен қатар, мектеп буфеттеріндегі бала денсаулығына аса пайдалы емес тәтті шоколадтар мен газды сусындарды шектеп, олардың орнын пайдалы заттарға алмастыру қажет екенін атап өтті.
№135 жалпы орта мектеп директоры Б. Михеевтің айтуынша, мектепте 1596 оқушы бар. Ыстық тамақпен қамтылған 1042 оқушының 751-і бастауыш сыныпта оқыса, 291-і әлеуметтік аз қамтылған 5-11 сынып оқушылары.
Баспасөз туры барысында Ш.Мұқан №135 жалпы орта мектептің белсенді ата-аналарымен, ұстаздарымен кездесті.
— Қазақ — бала тәрбиесіне ерекше мән берген халық. Әрбір ата-ана «Баланың табанына кірген тікен, менің маңдайыма кірсін» деген қағидамен қорғайтыны да анық. Міне, биыл «Балалар жылы» болып бекітілуі де тегін емес. Себебі, бала — біздің байлығымыз, еліміздің ертеңі, мемлекеттің басты құндылығы. Алайда, адам мен адамды теңестіретін — білім мен тәрбие. Сондықтан бала тәрбиесін мектеп ұстаздарына ысырып қоймай, ата-ана да белсенділік танытуы тиіс. Баланың өскенде қоғамға қажетті мамандықты игеріп, табысты болуында да ата-ананың рөлі зор. Мәселен, көлік жүргізушісі 3 ай, ұшқыш 3 жыл білім алады делік. Яғни, олардың табысы да алған білімінің сапасына қарай есептелетіні сөзсіз. Яғни, балаңыздың болашағы үшін бүгіннен әрекет етіңіз. Ал, мектептегі білім сапасын бақылауда әрбір ата-ананың пікірі маңызды. Себебі, қоғамдық бақылау күшейген кезде сапа да артатыны сөзсіз, -деді Шыңғыс Жұмабекұлы.
Баспасөз туры Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты Политехникалық колледжде жалғасты.
Аталмыш білім ордасына «Жас маман» жобасы аясында «Электрмен қамтамасыз ету» және «Радиоэлектроника және байланыс» мамандығы бойынша оқитын студенттердің өндірістік тәжірибесін жетілдіру мақсатында құрал-жабдықтар алынған. Студенттер осы құрылғылармен жұмыс істеу барысын таныстырып, өндірістегі электр қуатын реттеу принциптерін көрсетті.
Айта кетейік, колледжде 11 мамандық бойынша 1875 студент білім алып жүр. Оның 1702-сі күндізгі бөлімде оқиды.
«Шымкент келбеті» —

Оқи отырыңыз...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫ МЕН МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫ МЕН МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

01.07.2025
САУРАН АУДАНЫНДА «ТАБИҒАТҚА ҚАМҚОРЛЫҚ ЖАСАУ» КҮНІНЕ ОРАЙ ЭКОАКЦИЯ ӨТТІ

САУРАН АУДАНЫНДА «ТАБИҒАТҚА ҚАМҚОРЛЫҚ ЖАСАУ» КҮНІНЕ ОРАЙ ЭКОАКЦИЯ ӨТТІ

30.06.2025
ОТЫРАР АУДАНЫНДА ТӘУЛІГІНЕ 120 ТОННА МАҚТА ӨҢДЕЙТІН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

ОТЫРАР АУДАНЫНДА ТӘУЛІГІНЕ 120 ТОННА МАҚТА ӨҢДЕЙТІН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

30.06.2025

Замира АЛДАБЕРГЕНОВА
Суретті түсірген С. ҚОСАЕВ.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

МЮНХЕНДЕ  ШЕТЕЛДІК МАМАНДАР  ШЫМКЕНТТІҢ ТУРИЗМ САЛАСЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ АЛДЫ

МЮНХЕНДЕ ШЕТЕЛДІК МАМАНДАР ШЫМКЕНТТІҢ ТУРИЗМ САЛАСЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ АЛДЫ

01.07.2025
ВЕНГРИЯДА ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТУРИСТІК МҮМКІНДІКТЕРІ КЕҢІНЕН ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

ВЕНГРИЯДА ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТУРИСТІК МҮМКІНДІКТЕРІ КЕҢІНЕН ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

01.07.2025
ЕҢБЕГІМЕН ЕЛГЕ ҮЛГІ АЗАМАТ

ЕҢБЕГІМЕН ЕЛГЕ ҮЛГІ АЗАМАТ

01.07.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған