• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Воскресенье, 9 августа, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ШЫМКЕНТТЕ 24 КОЛЛЕДЖ ТЕХНИКАЛЫҚ БАҒЫТТА БІЛІМ БЕРЕДІ

25.01.2022
in Басты ақпарат
ШЫМКЕНТТЕ 24 КОЛЛЕДЖ ТЕХНИКАЛЫҚ БАҒЫТТА БІЛІМ БЕРЕДІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында сөйлеген сөзінде елімізде техникалық мамандықтарға басымдық беру қажеттілігіне тоқталды. Қазіргі таңда үшінші мегаполисте 32 колледждің 24-і техникалық бағытта білім береді. Аталған коллеждерде мемлекеттік білім грантының аясында 5702 студент тегін білім алып жатыр. Шымкент қаласының БАҚ өкілдері бірқатар техникалық білім беретін оқу орындарының жұмысымен танысып қайтты.
Қаладағы «Политехникалық колледж» «Жас маман» жобасына іріктелген шаһардағы арнаулы оқу орындарының біріне кіреді. Мұнда техникалық мамандықтар, соның ішінде «Жас маман» жобасы аясында радиотехника және байланыс, сондай-ақ электрмен қамтамасыз ету мамандықтары тереңдетіліп оқытылады.
Радиотехникадан дәріс беретін Есімхан Досжанов шәкірті Даниял Мақсатұлымен бірге мамандықты оқытуда қолданылатын зертханалық, тәжірибелік құрал-жабдықтармен таныстырып шықты. Оған зертханалық модуль, аксилограф, активті идентификатор, оптикалық рефлектометр, Fitel S 179 аппараты, оптикалық муфта секілді құрал-жабдықтар жатады. Электрмен қамтамасыз ету мамандығында шәкірттерге электр желісін монтаждау, үйге домофон орнату секілді жұмыстарды тәжірибе жүзінде үйретеді.
«Политехникалық колледж» директорының орынбасары Әлібек Беков жоғарыда аталған құрал-жабдықтарды «Жас маман» жобасы аясында мемлекет есебінен 288 млн. теңгеге сатып алынғанын жеткізді. –Заманауи технологиялар шәкірттерге мамандықтың қыр-сырын толық меңгеруге көмектеседі. Теория жүзіндегі алған білімін тәжірибеде сынап көреді. Ол түлектеріміздің болашақта жұмыссыз қалмай, кез келген мекеме, кәсіпорынға дайын маман болып барына септігін тигізеді, деді Ә.Беков.
Колледж сонымен қатар зертханалық стендтер арқылы радиобайланыс пен электр энергиясы мамандықтарын тереңдетіп оқытуға айрықша мән берген.

Оқи отырыңыз...

ОСК Төрағасы Түркістан өңіріндегі сайлау учаскелерін аралады

ОСК Төрағасы Түркістан өңіріндегі сайлау учаскелерін аралады

07.08.2026
Түркістанда сайлау комиссияларының мүшелеріне арналған семинар өтті

Түркістанда сайлау комиссияларының мүшелеріне арналған семинар өтті

07.08.2026
Түркістандық кәсіпкерлер Өзбекстанның жетекші кәсіпорындарымен танысты

Түркістандық кәсіпкерлер Өзбекстанның жетекші кәсіпорындарымен танысты

07.08.2026
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

145 ДЕПУТАТ: ҚҰРЫЛТАЙДЫҢ ЖАҢА ӨКІЛЕТТІ ОРГАН РЕТІНДЕГІ ЕРЕКШЕЛІГІ

145 ДЕПУТАТ: ҚҰРЫЛТАЙДЫҢ ЖАҢА ӨКІЛЕТТІ ОРГАН РЕТІНДЕГІ ЕРЕКШЕЛІГІ

09.08.2026
Шымкенттен Петропавлға дейін: сайлауалды науқанның кезекті күнінде партияларды қандай тақырыптар тоғыстырды

Шымкенттен Петропавлға дейін: сайлауалды науқанның кезекті күнінде партияларды қандай тақырыптар тоғыстырды

08.08.2026
850 ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ БҰЗЫЛҒАН ҚҰҚЫҒЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

850 ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ БҰЗЫЛҒАН ҚҰҚЫҒЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

08.08.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған