• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 9 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ШЫМКЕНТТЕ 101 МЕКТЕП САЛЫНАДЫ

25.01.2022
in Басты ақпарат

Бүгінде Шымкентте 2025 жылға дейін 86 079 орындық 101 мектеп салуға арналған кешенді жоспары әзірленді. Оның ішінде 58-і мемлекет қаржысына тұрғызылса, 4-еуі мемлекеттік-жекешелік әріптестік, ал 39 мектеп жеке инвесторлар есебінен салынбақ. Сала мамандарының айтуынша, осы келелі жұмыстардың нәтижесінде 2023 жылы Шымкентте үш ауысымды мектеп мәселесі толығымен шешілмек.
Ресми деректерге сүйенсек, Шымкентте екі жыл ішінде 32 мектеп пайдалануға берілген. Оның ішінде 20 мектеп жекеменшік, 12-сі мемлекеттік бюджет есебінен бой көтерді. Нәтижесінде қаладағы апатты мектептер мәселесі толығымен шешіліп, үш ауысымды білі ошақтарының саны 19-дан 9-ға азайған. Сондай-ақ, 2020 жылы Шымкент қалалық білім басқармасы жанынан «Дарын орталығы» ашылды.
Білім саласында ілкімді істер жетерлік. Мәселен, 2025 жылға дейін оқушы саны шамадан тыс мектептер, жаңадан қосылатын мектебі жоқ шағын аудандар, ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан 4 мектептің мәселесі шешімін таппақ. Қаланың бас жоспарына сәйкес, 2026-2030 жылдарға дейінгі жоспар да түзілуде.
Бүгінде білім саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтің 32 түрі цифрландыру жүйесіне ауысқанын ерекше атап өткен жөн. Айта кетейік, цифрлық білім беру платформасына қала мектептері толығымен қосылған. Ал, инклюзивті білім беру сапасын арттыру мақсатында 4 ПМПК (педагогикалық медициналық психологиялық кеңес), 2 педагогикалық психологиялық түзеу кабинеті ашылды. Бүгінде жалпы 5 ПМПК, 7 түзету кабинеті жұмыс істеп тұр.
2021 жылдан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін «hr-process.kz» платформасы құрылып, мектеп ұстаздары мен директорлары ашық әрі бәсекелестік ортада таңдала бастады.
«Көшбасшылық академиясы» бағдарламасы іске асты. «Дарынды балаларға арналған мектеп-гимназиясы» және «Дарынды балаларға арналған IT лицей-интернаты», 5 «IT мектеп-лицейі» қайта құрылды. Әдістемелік орталық жанынан «Инклюзивті білім беру», «Халықаралық зерттеулер, талдау және сараптау» бөлімдері ашылды.
Сонымен қатар, мүгедек балаларға арналған Сайрам көмекші мектеп-интернаты, көмекші мектеп интернат-колледж болып қайта құрылды.
Шымкент қаласында «Жас маман» жобасы аясында 7 мемлекеттік колледж заманауи материалдық-техникалық құралдармен жабдықталып, 13 мамандық бойынша құзыреттілік орталықтары ашылды.
Шымкентте білім беру ұйымдарында қауіпсіздік шаралары күшейту мақсатында да біршама жұмыс атқарылған. Білім беру ұйымдарына 100 пайыз арнайы талаптарға сәйкестендірілген бейнебақылау жүйелері орнатылып, ғимараттың кіреберістеріне толығымен турникет орнатылған. Сондай-ақ, 100 пайыз дабыл батырмалары жүргізіліп, Шымкент қалалық Полиция Департаментінің Жедел басқару орталығына қосылған. Қаладағы барлық мектептерде мамандандырылған күзет мекемелерімен келісім-шарт түзілген.

Оқи отырыңыз...

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

09.05.2025
ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

09.05.2025
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

09.05.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

09.05.2025
ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

09.05.2025
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

09.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған