• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Воскресенье, 25 октября, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

АБАЙ АУДАНЫНДА АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ КӨРСЕТКІШІ 98 ПАЙЫЗҒА ЖЕТТІ

20.01.2022
in Басты ақпарат
АБАЙ АУДАНЫНДА АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ КӨРСЕТКІШІ 98 ПАЙЫЗҒА ЖЕТТІ

Үшінші мегаполисте инфрақұрылым тарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Абай ауданында 2021 жылы 8 елді мекеннің тұрғындары ауыз сумен, сапалы электр жарығымен қамтылған. Ал биылғы ақпан және наурыз айларында табиғи газ беріледі. Бұл туралы Абай адуаны әкімі аппаратының бөлім басшысы Әбілқайыр Оңғар ауданда іске қосылған инфрақұрылымдық жүйелерді таныстыруға арналған баспасөз турында айтты.
Әбілқайыр Бақытқалиұлы баспасөз турында «Батыс» және «Ынтымақ-2» елді мекендеріндегі инфрақұрылым мәселері бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Ауданда өткен жылы 8 елді мекендегі 60 мыңға жуық тұрғын тіршілік нәрімен қамтылғанын айтты. Ал биыл Құрсай шағынауданында ауыз су құрылыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді. Осылайша, Абай ауданында биыл тасымалды су тоқтатылып, ауыз сумен қамту деңгейі 98 пайызға жеткен.
– Қазіргі таңда аталған елді мекендерде ауыз су құрылысы толық жүргізіліп, абоненттерге ауыз суды үйлеріне қосу жұмыстары аяқталды. Ал Игілік, Көкбұлақ және Тәуелсіздікке 20 жыл, Ынтымақ шағынаудандарында электрге тарту жұмыстары аяқталып, тұрғындардың пайдалануына берілді. Аталған шағынаудандардың тұрғындары «ОңтүстікЖарықТранзит» мекемесінен техникалық шарттарын алып, абоненттер сапалы электр қуатына қосылды. Қазіргі таңда Солтүстік Саяжай, Ынтымақ шағынаудандарына көгілдір отынның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. АГРС-3 станциясы алдағы ақпан және сәуір айларында іске қосылып, аудан тұрғындары табиғи газбен қамтамасыз етілетін болады, — дейді бөлім басшысы.
«Шымкент келбеті» —

Оқи отырыңыз...

Шымкентте 26 қазанда ХҚКО мен МХҚКО-лар жұмыс істемейді

Шымкентте 26 қазанда ХҚКО мен МХҚКО-лар жұмыс істемейді

23.10.2026
ТҮРКІСТАНДА ТҮРКІ ЕЛДЕРІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ БАС ҚОСАДЫ 

ТҮРКІСТАНДА ТҮРКІ ЕЛДЕРІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ БАС ҚОСАДЫ 

21.10.2026
Қазақстан бойынша 600-ден астам сауда нысаны Republic Day және Bereke Fest акцияларына қосылды 

Қазақстан бойынша 600-ден астам сауда нысаны Republic Day және Bereke Fest акцияларына қосылды 

21.10.2026

Азамат ЖАППАР,
фото: Серік ҚОСАЕВ.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨК ТУ КӨККЕ КӨТЕРІЛІП, КӨК БАЙРАҚҚА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ПОДНЯЛИ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ФЛАГ И ОТДАЛИ ДАНЬ УВАЖЕНИЯ ГОЛУБОМУ ПОЛОТНУ

25.10.2026
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨК ТУ КӨККЕ КӨТЕРІЛІП, КӨК БАЙРАҚҚА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨК ТУ КӨККЕ КӨТЕРІЛІП, КӨК БАЙРАҚҚА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

25.10.2026
Республика күні: Президент қолынан шен алған Ұлттық ұлан офицері жас сарбаздарды әскери қызметке баулып жүр.

День Республики: получивший погоны из рук Президента офицер Национальной гвардии обучает молодых солдат.

25.10.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған