• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Четверг, 1 октября, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ ҚАЛАЛЫҚ №5 ЕМХАНАНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

13.01.2022
in Басты ақпарат
ҚАЛА ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ ҚАЛАЛЫҚ №5 ЕМХАНАНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Шымкентте эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына, коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың күрт көбеюіне байланысты емханалар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Осыған орай, қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан №5 қалалық емханаға барып, дәрігерлердің жұмысымен танысты.
—Қазір Қазақстан бойынша эпидемиологиялық ахуал нашарлап кетті. Бір тәулікте 9 122 адам коронавирус жұқтырған. Оның ішінде Шымкент қаласының 320 тұрғыны бар. Қалада 1 мыңнан астам адам коронавирустан емделіп жатса, соның ішінде 200-ден астамы стационарда ем қабылдауда. Бұл — біз білетін цифр. Ал, біз білмейтін, ауырса да емханаға бармай, ПЦР тест тапсырмай жатқан адамдар қаншама?, — деген Шыңғыс Жұмабекұлы тұрғындарды аса маңызды себеп болмаса, көпшілік орынға бармауға және вакцина салдыруға шақырды.
—Қалада былтырдан бері 600 мыңнан астам адам вакцина қабылдады. Сонымен қатар 40 мың адам ревакцинацияланды. Әсіресе, жүкті әйелдер, балалар, егде жастағы адамдар мен созылмалы ауруы бар науқастар міндетті түрде вакцина салдыруы тиіс. Бұл — қауіпті дерттен сақтанудың жалғыз жолы, — деді Ш.Мұқан.
Қала әкімінің бірінші орынбасары №5 емхананың ситуациялық орталығының жұмысымен танысты. Мұндағы жедел желіге өз бойында коронавирус симптомдарын байқаған пациенттер хабарласа алады. Оған дереу тиісті мамандардан құралған мобильді топ жөнелтіледі. Сондай-ақ, мамандар ертелі-кеш емханада тіркелген жүкті әйелдер мен қауіп тобындағы азаматтарға телефон арқылы хабарласып, жағдайын біліп отыр.
Айта кетейік, №5 емханада барлығы 58 мың адам тіркелген.
«Шымкент келбеті» — Айдар ҚҰЛЖАН,
Фото Серік ҚОСАЕВ.

Оқи отырыңыз...

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауда адвокаттармен бірлескен жұмыс күшейеді

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауда адвокаттармен бірлескен жұмыс күшейеді

30.09.2026
ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ІТ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЖАҢА ОҚУ КОРПУСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ІТ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЖАҢА ОҚУ КОРПУСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

30.09.2026
Жекеменшік мектептердің өзекті мәселелері салалық кеңесте қаралды

Жекеменшік мектептердің өзекті мәселелері салалық кеңесте қаралды

30.09.2026
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ҮШ ҰРПАҚ – ОРТАҚ МҰРАТ: ШЫМКЕНТТЕ ҚАРИЯЛАР ӨЗАРА КІМ МЫҚТЫНЫ АНЫҚТАДЫ

ҮШ ҰРПАҚ – ОРТАҚ МҰРАТ: ШЫМКЕНТТЕ ҚАРИЯЛАР ӨЗАРА КІМ МЫҚТЫНЫ АНЫҚТАДЫ

01.10.2026
Қазақстан прокуратурасының делегациясы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Бас прокурорларының үйлестіру кеңесінің жұмысына қатысты

Делегация казахстанской прокуратуры приняла участие в работе Координационного совета генеральных прокуроров государств-участников СНГ

01.10.2026
Қазақстан прокуратурасының делегациясы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Бас прокурорларының үйлестіру кеңесінің жұмысына қатысты

Қазақстан прокуратурасының делегациясы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Бас прокурорларының үйлестіру кеңесінің жұмысына қатысты

01.10.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған