• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 13 марта, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ВАКЦИНА ҚАБЫЛДАУ АДАМЗАТТЫ ҚҰТҚАРҒАНМЕН БІРДЕЙ

13.01.2022
in Басты ақпарат
ВАКЦИНА ҚАБЫЛДАУ АДАМЗАТТЫ ҚҰТҚАРҒАНМЕН БІРДЕЙ

Абдулхамид Қаттани мешітінде Шымкент қаласының бас имамы Бағдәулет Абдрахманов дін қызметкерлерімен мәжіліс өткізіп, алдағы уақытта имамдар түгел ревакцинациядан өтетінін және барша шымкенттіктерді індет қатерінен қорғану үшін қосымша екпе алуға шақырды.
— Шаһарда 88 мешіт бар, онда 259 имам діни қызмет көрсетеді. Бүгінгі таңда Шымкент қаласының мемлекеттік бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес мегаполистегі мешіттер бес уақыт намаз бен жұма намаздар үшін жабылды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының пәтуәсі бойынша өткен жылғы Рамазан айының алғашқы күндері қаладағы имамдар вакцина салдырды. Қоғамда көпшілікпен тығыз байланыста жұмыс істейтін болғандықтан екпе алу дін қызметкерлері үшін өте қажет. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» демекші, бұрынғы мамыражай күйімізге оралу үшін адамдар вакцина арқылы ортақ иммунитет қалыптастыруы керек, — деді Бағдәулет Нұрматұлы.
Бас имам Ислам діні вакциналау ісіне қарсы емес дегенді айтты. Оның пікірінше, керісінше, Құран Кәрім мен Пайғамбар хадистерінде адамдардың денсаулығын қорғауда көп өсиеттерді табуға болады. Мәселен, Мәида сүресінің 32-аятында Алла Тағала «Кім жазықсыз бір адамды өлтірсе, бүкіл адамды өлтіргенмен тең, ал кім бір адамды құтқарса, барша адамзатты құтқарғандай болады» дейді. Яғни вакцина алмай, індеттің таралуына себепші болып, өзгелердің денсаулығына, өміріне қауіп төндірген адамның күнәсі өте ауыр деген сөз. Сол секілді хадис-шарифте Алланың ардақты Елшісі Мұхаммед саллалаһу ғалейһи уа саллам «Адам екі нәрсенің қадірін білмейді. Ол бос уақыт пен денсаулық» деген. Демек, денсаулықты барында қадірлеп, аурудың алдын алу үшін бүгінгі медицина талап еткен барлық амал-әрекеттерді жасауымыз керек.
— Қоғамда екпеге қарсы сөз айтатын азаматтар баршылық. Ондайлар намазхандар арасында да табылады. Медицина мамандары екпе маңызды десе, демек шынымен солай болғаны. Әр саланың кәсіби маманына сенім артуымыз керек. Имамдар діни жоралғыларға жауапты, бірақ денсаулық мәселесінде тек медицина өкілдеріне иек артады. Нахль сүресінің 43-аятында Жаббар Жаратушымыз «Егер білмесеңдер, білім иелерінен сұраңдар» дейді. Бұл аят вакцина бойынша сауалға тікелей жауап болмағанымен, мұсылмандар әрдайым кез келген мәселеде сол саланың маманына жүгінуі қажет. Мұндайда қазақта «Шымшық сойса да, қасапшы сойсын» деген әдемі мақал бар емес пе?! Сондықтан ресми медицинаға бойұсыну, өз денсаулығын сақтау мұсылман баласы үшін уәжіп саналады, — деді Бағдәулет Нұрматұлы.
Осы орайда қаланың бас имамы мешіттерде барлық санитарлық талаптар қатаң орындалатынын жеткізді. Эпидемиологиялық ахуалға байланысты құлшылық үйлерінде адамдар 1,5 метр арақышықты сақтап намаз оқуға міндетті. Сонымен бірге, әр мешітте қолды өңдейтін санитайзерлер мен зарарсаздандырушы арнайы кілемшелер қойылған. Бұдан бөлек Бағдәулет Нұрматұлы жаназа намазын оқу кезінде және құдайы аста мейлінше санитарлық талаптарды бұзбауға шақырды.
Әнуар ЖҰМАШБАЕВ.

Оқи отырыңыз...

ТУРКЕСТАН: СОВЕТНИК ПРЕЗИДЕНТА МАЛИК ОТАРБАЕВ ВСТРЕТИЛСЯ С ЖИТЕЛЯМИ ОРДАБАСИНСКОГО РАЙОНА

ТУРКЕСТАН: СОВЕТНИК ПРЕЗИДЕНТА МАЛИК ОТАРБАЕВ ВСТРЕТИЛСЯ С ЖИТЕЛЯМИ ОРДАБАСИНСКОГО РАЙОНА

12.03.2026
ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ: ҰЛТ САУЛЫҒЫ – ҰЛЫ БАЙЛЫҚ

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ: ҰЛТ САУЛЫҒЫ – ҰЛЫ БАЙЛЫҚ

12.03.2026
ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН МАЗМҰНДЫ АҚПАРАТТЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН МАЗМҰНДЫ АҚПАРАТТЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

12.03.2026
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Жаңа өзгерістер өмір сапасын жақсартуды көздейді

Жаңа өзгерістер өмір сапасын жақсартуды көздейді

12.03.2026
Шымкентте шахмат шеберлері бас қосты: әлемдік жарыстарға жолдама сарапқа салынады

Шымкентте шахмат шеберлері бас қосты: әлемдік жарыстарға жолдама сарапқа салынады

12.03.2026
Әлеуметтік тұрақтылықты нығайту – әрбір азаматтың жауапкершілігі

Әлеуметтік тұрақтылықты нығайту – әрбір азаматтың жауапкершілігі

12.03.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған