• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 7 августа, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ШЫМКЕНТТЕ МӘДЕНИЕТ ҰЖЫМДАРЫ ЖҰМЫСҚА КІРІСТІ

13.01.2022
in Басты ақпарат
ШЫМКЕНТТЕ МӘДЕНИЕТ ҰЖЫМДАРЫ ЖҰМЫСҚА КІРІСТІ

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев ҚР Парламент Мәжілісінің отырысында жаппай тәртіпсіздік кезінде қираған нысандар мен мүліктерді жедел қалпына келтіруді тапсырған болатын. Елімізде 4-5 қаңтар күні орын алған тәртіпсіздік салдарынан Шымкенттегі бірқатар мәдениет нысандарына да зақым келген.

Оқи отырыңыз...

ОСК Төрағасы Түркістан өңіріндегі сайлау учаскелерін аралады

ОСК Төрағасы Түркістан өңіріндегі сайлау учаскелерін аралады

07.08.2026
Түркістанда сайлау комиссияларының мүшелеріне арналған семинар өтті

Түркістанда сайлау комиссияларының мүшелеріне арналған семинар өтті

07.08.2026
Түркістандық кәсіпкерлер Өзбекстанның жетекші кәсіпорындарымен танысты

Түркістандық кәсіпкерлер Өзбекстанның жетекші кәсіпорындарымен танысты

07.08.2026

Әсіресе, әкімшілік-іскерлік орталығында орналасқан «Көрме» орталығы түгелдей өртеніп, «Түркістан» сарайы мен Ж.Шанин атындағы академиялық драма театрының терезелері сынған.
Бүгінде Шымкент қаласы әкімдігі жанынан құрылған шығындарды есептеу комиссиясы өз жұмысын бастап кетті. Комиссия мекемелердегі шығын келген мүліктердің тізімін жасап, қаржысын есептеуде.

Ж.Шанин атындағы академиялық драма театрының ұжымы қалыпты жұмыс режиміне түскен. Тәртіпсіздік салдарынан пайда болған қоқысты театр қызметкерлері өз күшімен тазалаған.

— Әкімшілік-іскерлік орталықтағы трансформатордың істен шығуына байланысты театр 1,5 тәулік жарықсыз қалды. Ғимаратқа да біршама зиян келді. Бірінші, екінші қабаттағы 32 терезенің әйнегін айнала сындырып тастаған. Ал, театрдың қасбетіндегі витраждың түрлі көлемдегі 33 әйнегі жарамсыз. Театр алдындағы бағаналарда оқ тию салдарынан жарықтар пайда болған. Тәртіпсіздік кезінде сынған терезелерге жарылғыш қоспа лақтыруға әрекеттенген. Жарылғыш қоспа терезеге жетпей, жалынынан ғимарат сыртының бірнеше тұсы күйеленген. Театр балансындағы электр-дизельді генератордың басқару пультіне терезеден түскен қатты заттан зақым келіп, істен шыққан. Комиссия жарамдылық деңгейін анықтауда. Сонымен қатар, автотұрақта тұрған театрдың ПАЗ-32054 маркалы автобусы, сол күні ауысымға түскен вахтер мен іс-сапардағы актердің жеке автокөлігі өртеніп кеткен. Театр сыртындағы гранит қаптаманың шамамен 150-160 шаршы метрі талқандалған, — дейді Ж.Шанин атындағы академиялық драма театр директорының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары М.Ергешов.

Мамандардың айтуынша, сынған терезелер театрдың жылу жүйесіне едәуір әсер етіп отыр. Жағдай реттеліп, әйнектер орнатылғанға дейін ұжым қызметкерлері фонер, түрлі полиэтилен материалдармен уақытша бекіткен.

Замира АЛДАБЕРГЕНОВА

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Свыше 1900 ИИ-фильмов из более чем 90 стран поступило на Astana AI Film Festival

Свыше 1900 ИИ-фильмов из более чем 90 стран поступило на Astana AI Film Festival

07.08.2026
ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ ЖАҢА ӘСКЕРИ ҚАЛАШЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ.

Аким города Туркестан ознакомился с ходом строительства военного городка Национальной гвардии

07.08.2026
ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ ЖАҢА ӘСКЕРИ ҚАЛАШЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ.

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ ЖАҢА ӘСКЕРИ ҚАЛАШЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ.

07.08.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған