• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Четверг, 8 октября, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

МҰРАТ ӘЙТЕНОВ «НҰРЛЫ ЖЕР» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІ ТЕКСЕРДІ

12.01.2022
in Басты ақпарат
МҰРАТ ӘЙТЕНОВ «НҰРЛЫ ЖЕР» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІ ТЕКСЕРДІ

Шымкент қаласындағы Тұран шағын ауданында былтырғы жылдан құрылысы өтпелі 41 тұрғын үйдің
құрылысы жалғасуда. Пәтер саны 2432 болатын үй жыл қорытындысымен пайдалануға берілмек.
«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы көпқабатты тұрғын үйлердің құрылыс барысын бүгін
қала әкімі Мұрат Әйтенов аралап көрді.
Өз баяндамасында, қалалық құрылыс басқармасының басшысы Ә.Рабаев құрылыс материалдардың
отандық өнім үлесі 91 пайызды құрайтынын мәлімдеді.
Мердігерлермен кездескен шаһар басшысы тұрғындар үшін баспана сапасы маңызды екенін айтып,
жұмыстың қарқыны мен сапасын назарда ұстауды тапсырды.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықты баспанамен қамту мәселесін жіті назарда ұстайды.
Бұл бағытта елімізде арнайы бағдарламалар әзірленді. Кезекте тұрған азаматтарды тұрғын үймен қамту
үшін тұрғын үйлер көптеп салынуда. Бүгінде қаламызда 43 мыңнан астам адам кезекте тұр. Сондықтан
үйлердің құрылысын жеделдетуіміз керек. Құрылыс жұмыстарын үздіксіз жүргізу үшін де Шымкенттің ауа
райыда ыңғайлы. Қажет болса, түйткілді мәселелерді шұғыл шешу үшін апта сайын кездесіп отырайық»,-
деді М.Әйтенов.
Сонымен қатар, құрылыс аумағының тазалығына көңіл бөлуді, әркім өз жұмысында басқасының еңбегін
бағалау керектігін айтты.
«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Тұран шағын ауданындағы 25, 26, 28, 29 орамдарда
бюджет есебінен 88 үйдің құрылысы жоспарланған. Оның ішінде 47 үй, яғни 3144 пәтер 2020-2021 жылы
пайдалануға берілген.
Осы жылы аталған шағын ауданда жалпы 2700 пәтерлі көпқабатты 50 тұрғын үйдің құрылысы басталады.
Қазір жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз...

ТҮРКІСТАН: АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ ТУҒАН ЖЕРГЕ ОРАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ ТУҒАН ЖЕРГЕ ОРАЛДЫ

06.10.2026
Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауда адвокаттармен бірлескен жұмыс күшейеді

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауда адвокаттармен бірлескен жұмыс күшейеді

30.09.2026
ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ІТ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЖАҢА ОҚУ КОРПУСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ІТ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЖАҢА ОҚУ КОРПУСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

30.09.2026
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАННЫҢ ТАРИХИ МҰРАСЫ: КОНСТИТУЦИЯ АЗАМАТҚА НЕ БЕРЕДІ?

ТҮРКІСТАННЫҢ ТАРИХИ МҰРАСЫ: КОНСТИТУЦИЯ АЗАМАТҚА НЕ БЕРЕДІ?

07.10.2026
THE WORLD FINANCIAL REVIEW: ТОҚАЕВТЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТЫ ҚАЗАҚСТАНҒА НЕ БЕРДІ

THE WORLD FINANCIAL REVIEW: ТОҚАЕВТЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТЫ ҚАЗАҚСТАНҒА НЕ БЕРДІ

07.10.2026
Колледжден әскери сапқа: бір топта оқыған жеті түлек Ұлттық ұланды таңдады.

Из колледжа — в строй: история о том, как семеро одногруппников выбрали службу в Нацгвардии

07.10.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған