• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Воскресенье, 18 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

БАЗАРДА БАҒА ТҰРАҚТЫ, САНИТАРЛЫҚ ТАЛАП ҚАТАҢ

12.01.2022
in Басты ақпарат
БАЗАРДА БАҒА ТҰРАҚТЫ, САНИТАРЛЫҚ ТАЛАП ҚАТАҢ

Абай ауданының әкімі Бұхарбай Парманов СЭС мамандарымен бірге қаланың бірқатар базарын аралап, азық-түлік бағасын негізсіз өсірмеуге, ковид індетінің алдын алуға және елде орын алған ахуалға байланысты халық ішінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
— Елде болған күрделі жағдай экономикаға кері әсерін тигізді. Бірақ бұл азық-түлік бағасының негізсіз өсуіне себеп болмау керек. Өйткені қалада азық-түлік қоры жеткілікті. Екінші мәселе, ковид індеті жылдам таралып жатыр. Сондықтан базарлар санитарлық талаптарды қатаң сақтауы шарт. Содан кейін адамдарды бірлікке, ынтымаққа шақыру, мемлекеттің басты байлығы ауызбіршілік екенін халыққа түсіндіру бойынша жұмыстарды ұдайы қолға алатын боламыз, — деді аудан әкімі Б.Парманов.
Жұмысшы топ «Автонұр» базарында болып, санитарлық жағдайды бақылап, сатушыларды сақтық шараларын сақтауға шақырды.
— Соңғы күндері ковид жұқтыру дерегі қалада едәуір өскен. Осыған байланысты адамдар гигиена мен санитарлық талапты күшейтулері қажет. Әсіресе сауда және қоғамдық орындарға кіру тек «Ashyq» бағдарламасымен жүзеге асырылуы тиіс. Сатушылардан бетперде кию және қолды өңдейтін санитайзердің болуы талап етіледі. Шымкент қаласының мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Ә.Төлебаевтың жаңа қаулысына сәйкес үшінші мегаполисте ковид індетіне қарсы шараларды күшейту жұмыстары басталды. Оған сәйкес барлық бизнес нысандары «Ashyq» қосымшасына тіркелуі қажет. Сонымен бірге коронавирус дертіне қарсы ревакцинация жүріп жатыр. Осыған орай азаматтарды қосымша екпе алуға шақырамын, — деді санитарлық-эидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім басшысы Шәрбат Айботаева.
«Абай ауданы Шымкенттің экономикалық белсенді әкімшілік-аумақтық территориясына жатады. Ауданда басқаларымен салыстырғанда ең көп сауда орындары шоғырланған. Бүгінгі таңда Абай ауданында ірілі-ұсақты 13 базар бар. Мегаполис тұрғындарының 32 пайызын осы ауданның халқы құрайды. Сондықтан баға тұрақтылығын қамтамасыз ету, індеттің өршіп кетпеуін қадағалау және қоғамдық тыныштықты сақтау жалпы қала үшін өте маңызды» дейді Б.Парманов.
Өз кезегінде Қызылжар елді мекенінің бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы Бастархан Байжанов қоғамдық тәртіп, адамдардың заңды бұзбауы бәрінен маңызды екенін айтты. Елде орын алған оқиғадан кейін ардагерлер ұйымының мүшелері жастардың тәрбиелік жұмысына, ізгілікке, бауырмашылдыққа үндейтін үгіт-насихат іс-шараларына шындап кіріспек.
Әкімдік пен СЭС мамандары «жабық базардың» жағдайымен де танысты. Бетперде кию, сатып алушылардан да соны талап ету бойынша базар қызметкерлеріне ескертулер жасалды.
Бақылау жұмыстарының нәтижесінде базарларда азық-түліктің бағасы тұрақты екеніне, санитарлық талаптар мүмкіндігінше сақталғанына мамандар көз жеткізіп қайтты. Дегенмен СЭС өкілдері сауда орындарының басшыларынан санитарлық қатаң шараларды босаңсытып алмауын сұрайды.
Әнуар ЖҰМАШБАЕВ.
ФОТО Серік ҚОСАЕВ.

Оқи отырыңыз...

ТҮРКІСТАНДА ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ 

ТҮРКІСТАНДА ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ 

17.05.2025
Депутаттар облыстық жинақтау бекеті мен аумақтық қорғаныс бригадасының жұмысымен танысты

Депутаттар облыстық жинақтау бекеті мен аумақтық қорғаныс бригадасының жұмысымен танысты

17.05.2025
Түркістанда халықаралық симпозиум өтті

Түркістанда халықаралық симпозиум өтті

17.05.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТКЕ КЕЛГЕН ТУРИСТЕРДІҢ ҚАТАРЫ 13,1 ПАЙЫЗҒА АРТТЫ

ШЫМКЕНТКЕ КЕЛГЕН ТУРИСТЕРДІҢ ҚАТАРЫ 13,1 ПАЙЫЗҒА АРТТЫ

18.05.2025
СОТ ЖҮЙЕСІНІҢ ӘДІЛДІГІНЕ ЫҚПАЛ ЕТЕДІ

Конституциялық соттың ерекшелігі 

18.05.2025
ЕДИНСТВО, СОГЛАСИЕ, ДРУЖБА: ФЕСТИВАЛЬ В ШЫМКЕНТЕ

ЕДИНСТВО, СОГЛАСИЕ, ДРУЖБА: ФЕСТИВАЛЬ В ШЫМКЕНТЕ

17.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған