• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 6 июня, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Құқық-заң

Адамның құқығы бұзылған жағдайда…

24.12.2021
in Құқық-заң

Адам құқығы бұзылған жағдайда ол Заң арқылы өзін-өзі қорғауға тырысады.

Оқи отырыңыз...

Шымкентте «Заң мен тәртіпке қосқан менің үлесім!» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес байқауы өтті

В Шымкенте прошел антикоррупционный конкурс среди молодежи под названием «Мой вклад в закон и порядок!»

03.06.2025
Шымкентте «Заң мен тәртіпке қосқан менің үлесім!» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес байқауы өтті

Шымкентте «Заң мен тәртіпке қосқан менің үлесім!» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес байқауы өтті

03.06.2025
Ата Заң – тәуелсіздік тірегі

Ата Заң – тәуелсіздік тірегі

02.06.2025

Қазіргі кезде сотта қаралатын азаматтық істердің басым көпшілігі қарызға ақша немесе зат алып, кейін қайтармаудың салдарынан туындаған даулар.

Талап қоюшы жеке кәсіпкер өзінің халыққа қызметін көрсетіп, халыққа керекті заттарды қаладан аудан орталығына алып келіп, сату үшін дүкен ашып саудасын жүргізіп жүреді, қарапайым халық жеке кәсіпкерден өзінің мұң-мұқтажын айтып соңынан ақшасын төлейтін болып келісіп керекті заттарды жеке кәсіпкерден жаздырып, яғни қарызға алады.

Алған заттардың ақшасын төлеуге келген кезде тараптардың арасында дау туындайды. Жеке кәсіпкер өзінің құқын қорғау мақсатында сотқа жүгінеді.

Соттың тәжірибесіндегі осындай істер бойынша, сот талап қоюшы мен жауапкердің түсiнiгiн тыңдап, құжаттарды зерттеп, келесi тұжырымға келедi.

Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің (әрі қарай – АК) 268-ші бабының талабына сай міндеттемеге сәйкес бір адам (борышкер) басқа адамның (несие берушінің) пайдасына мүлік беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б. сияқты белгілі бір әрекеттер жасауға, не белгілі бір әрекет жасаудан тартынуға міндетті, ал несие беруші борышкерден өз міндеттерін орындауын талап етуге құқылы.

Сотта анықталғандай, жауапкер жеке кәсіпкердің иелігіндегі дүкенінен ақша құнына сәйкес құрайтын заттарды қарызға алған, осы соманы қайтармаған, бұл жөнінде өз қолынан қолхат жазып берген.

Бұл мән-жайлар, іс – құжаттарына тіркелген жауапкердің қолымен жазылған қолхатпен және талап қоюшы мен жауапкердің сот мәжілісінде көрсеткен жауаптарымен өз дәлелін табады.

Жауапкер сот мәжілісінде бұл мән-жайды, яғни өз қолымен қолхат жазып бергенін жоққа шығармай, мойындап жауап береді.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 151 бабының 1 бөліміне сай, мәмілелер ауызша және жазбаша нысанда жасалады (жай немесе нотариалдық).

Тараптардың арасында ауызша және істегі қолхатына қарағанда, олардың ортасында жазбаша жай мәміле жасалған.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 272 бабының талабына сай, міндеттеме — міндеттеме шарттары мен заң талаптарына сәйкес тиісінше орындалуға тиіс, ал мұндай шарттар мен талаптар болмаған жағдайда — іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтарға немесе әдетте қойылатын өзге де талаптарға сәйкес орындалуға тиіс, ал 273-ші бабының талабына сай міндеттемені орындаудан біржақты бас тартуға жол берілмейді.

Сот отырысында, жауапкер өзінің бережақ ақшасы барын мойындайды.

Жауапкердің талапты мойындауы талап мәніне қайшы келмейді, іс бойынша үшінші тұлғалардың заңды мүддесіне нұқсан келтірмейді деп санап, сот жауапкердің талап қоюды мойындауын қабылдайды.

Қазақстан Республикасы Азаматтық істер жүргізу кодексінің 193 бабының 4 бөліміне сай, жауапкер талап қоюды мойындағанда және оны қабылдаған кезде сот мәлімденген талаптарды қанағаттандыру туралы шешім шығарады.

Iстiң бұл тұрғысында, сот талап қоюшы жеке кәсіпкердің бережақ ақшасын өндіру туралы талап арыз қанағаттандырылуға жатады деп тауып, жеке кәсіпкердің құқығы қорғалады.

Айтар ойымыздың түйiнi, бүгiн болмаса ертең әр нәрсенiң сұрауы болады. Сондықтан, кiм болғанда да iстi дауға жеткізбей келiсiм шеңберiнде шешкенi абзал. Тiптi адамгершiлiк тұрғысынан қарағанда да керек уақытында бiреуден бiр нәрсе алған екенсiң, уәделi мерзiмiнде қайтару азаматтық парызың. Ал, мемлекетке зиян келтiрудiң жауапкершiлiгi тiптен бөлек. Олай болса, азаматтардың заңға құрметпен және түсiнiстiкпен қарағанын қалар едiк. Сотқа жеткен iстiң әрдайым да әдiл шешiмiн табары анық.

А.БАБИКОВА,

Ақмола гарнизоны әскери сотының бас маманы.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

«ДОСТЫҚ ӘУЕНДЕРІ» КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

«ДОСТЫҚ ӘУЕНДЕРІ» КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

05.06.2025
«ДОСТЫҚ ӘУЕНДЕРІ» КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

«ДОСТЫҚ ӘУЕНДЕРІ» КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

05.06.2025
НОВЫЕ СОГЛАШЕНИЯ С «ТЕНГИЗШЕВРОЙЛ» ОТКРЫВАЮТ ПЕРСПЕКТИВЫ ДЛЯ ПРЕДПРИНИМАТЕЛЕЙ ШЫМКЕНТА

НОВЫЕ СОГЛАШЕНИЯ С «ТЕНГИЗШЕВРОЙЛ» ОТКРЫВАЮТ ПЕРСПЕКТИВЫ ДЛЯ ПРЕДПРИНИМАТЕЛЕЙ ШЫМКЕНТА

05.06.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған