• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Суббота, 17 октября, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ҚХА ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ КЕҢЕСІ – ИГІ ІСТЕРДІҢ ҰЙЫТҚЫСЫ

24.12.2021
in Басты ақпарат
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ҚХА ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ КЕҢЕСІ – ИГІ ІСТЕРДІҢ ҰЙЫТҚЫСЫ

Бүгін Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесінің кезекті отырысы өтті. Басқосуда облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің 2021 жылы атқарылған жұмыстары сараланып, Қоғамдық келісім кеңесінің Ережесін бекіту, 2022 жылға арналған жұмыс жоспарын талқылау және Қоғамдық келісім кеңесінің құрамын жасақтау мәселелері қозғалды.
Келелі жиынға Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының басшылығы, Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері, Түркістан облыстық ҚХА жанындағы этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, Түркістан облыстық «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшылығы мен қызметкерлері, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты.
Жиында сөз алған Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Аңсар Өсербаев өңіріміздегі қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған іс-шаралардың маңыздылығын тілге тиек етіп, қоғамдағы татулық пен бірлікті одан әрі нығайту қажеттігіне тоқталды.
– Қазіргі таңда Түркістан облысында түрлі деңгейдегі 191 Қоғамдық келісім кеңесі жұмыс істейді. Биыл Қоғамдық келісім кеңестерінде 24 мәселе қаралып, оның 20-сы шешімін тапты, 4 мәселенің шешу жолдары қарастырылуда. Бұл бағыттағы тиісті жұмыстар ары қарай жалғасады, – деді Аңсар Жаңабайұлы.
Түркістан облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Созақбай Әбдіқұлов алдағы уақытта Елбасының мақаласынан бастау алған «Туған жер» бағдарламасының шеңберінде жергілікті кәсіпкерлер мен елге сыйлы қарияларды, жомарт жандарды игі істерге жұмылдыруды жандандыру керектігін, ортақ мақсаттағы бұл шараға баршамыздың белсенді атсалысуымыз қажеттігін жеткізді.
Жиында Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Қоғамдық келісім кеңесі төрағасының жаңа орынбасары таңдалып, бұл жауапты қызметке «Чернобыль ардагерлері және мүгедектері» республикалық қоғамдық бірлестіктігі үйлестіру кеңесінің төрағасы Бақытжан Әшірбаев бірауыздан сайланды.
Отырыс барысында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай қоғамдық келісім мен бірлікті, татулық пен бейбітшілікті қамтамасыз етуде нәтижелі еңбектеніп жүрген бірқатар азаматтар мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Оқи отырыңыз...

Шымкентте тоғыз айда 160 мың жүргізуші куәлігі онлайн ауыстырылды

Шымкентте тоғыз айда 160 мың жүргізуші куәлігі онлайн ауыстырылды

14.10.2026
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ БАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ МӘСЛИХАТТАРДЫҢ ӨКІЛЕТТІГІН МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ТОҚТАТУ ТУРАЛЫ ЖАРЛЫҚҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ БАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ МӘСЛИХАТТАРДЫҢ ӨКІЛЕТТІГІН МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ТОҚТАТУ ТУРАЛЫ ЖАРЛЫҚҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ

12.10.2026
Шымкент дүниеге келген сәбилер саны бойынша Қазақстанда төртінші орында

Шымкент дүниеге келген сәбилер саны бойынша Қазақстанда төртінші орында

12.10.2026

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

От идеи к производству: как изменились возможности казахстанского бизнеса за семь лет

От идеи к производству: как изменились возможности казахстанского бизнеса за семь лет

16.10.2026

ТЕҢ МҮМКІНДІК – ӘДІЛ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

16.10.2026
ШЫМКЕНТТІҢ БАС ЖОСПАРЫНА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ШЫМКЕНТТІҢ БАС ЖОСПАРЫНА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

16.10.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған