• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 23 октября, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ТҰҒЫРЛЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ЕСТЕЛІКТЕРІ ЖАРИЯЛАНДЫ

15.12.2021
in Басты ақпарат
ТҰҒЫРЛЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ЕСТЕЛІКТЕРІ ЖАРИЯЛАНДЫ

Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай жарық көрген «Ғасырға бергісіз 30 жыл» кітабының тұсаукесері өтті. Жиынға Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ш.Мұқан және қаланың дамып-өркендеуіне үлес қосқан ардагерлер қауымы қатысты.
— Сіздерді тәу етер Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Ынтымақ пен бірліктің арқасында еліміз өтпелі кезеңнің қиындықтарын сәтті еңсеріп, дербес даму мен өркендеу жолына түсті. Сіздер Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы ең күрделі кезеңдерді, сындарлы шақтарды бастан өткіздіңіздер. Өтпелі кезеңнің барлық ауыртпалықтарын көтере білдіңіздер! Сол арқылы осындай тәуелсіз ұрпақтың қалыптасуына жағдай жасадыңыздар!
Сонымен қатар бүгін біз «Ғасырға бергісіз 30 жыл: тұғырлы тұлғалар естеліктері» атты кітаптың тұсауын кесеміз. Шымкент қалалық ардагерлер ұйымының және оның төрағасы Кенжехан Төлебаев ағамыздың жинақтауымен жарық көрген бұл кітапта Шымкент қаласында әр жылдары жауапты қызметтер атқарып, қаланың дамуы мен өркендеуіне үлес қосқан азаматтардың естеліктері жинақталған.
Кітапта шаһардың 30 жылдағы даму шежіресі баяндалған,- деді Шыңғыс Жұмабекұлы.
Салтанатты шара барысында түрлі салада еңбек еткен ардагерлерге «ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалі табыс етілді. «Ғасырға бергісіз 30 жыл» жинағы Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы К. Төлебаевтың жинақтауымен, ҚР Журналистер Одағының мүшелері С. Оразалыұлы мен
Н. Орымбайдың редакциялауымен жарық көріп отыр.
Айта кетейік, кітап үш бөлімнен тұрады. Алғашқы бөлімге мемлекет және қоғам қайраткерлері, облыс, қала басшыларының, екінші бөлімде құқық қорғау саласы ардагерлерінің, үшінші бөлімде мәдениет, білім, денсаулық саласы мамандарының естеліктері топтастырылған.
Замира АЛДАБЕРГЕНОВА.
Суретті түсірген С. ҚОСАЕВ.

Оқи отырыңыз...

Шымкентте 26 қазанда ХҚКО мен МХҚКО-лар жұмыс істемейді

Шымкентте 26 қазанда ХҚКО мен МХҚКО-лар жұмыс істемейді

23.10.2026
ТҮРКІСТАНДА ТҮРКІ ЕЛДЕРІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ БАС ҚОСАДЫ 

ТҮРКІСТАНДА ТҮРКІ ЕЛДЕРІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ БАС ҚОСАДЫ 

21.10.2026
Қазақстан бойынша 600-ден астам сауда нысаны Republic Day және Bereke Fest акцияларына қосылды 

Қазақстан бойынша 600-ден астам сауда нысаны Republic Day және Bereke Fest акцияларына қосылды 

21.10.2026
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ХАЛҚЫ РЕСПУБЛИКА КҮНІН ТОЛАҒАЙ ТАБЫСТАРМЕН ҚАРСЫ АЛДЫ

ЖИТЕЛИ ТУРКЕСТАНА ВСТРЕЧАЮТ ДЕНЬ РЕСПУБЛИКИ С БОЛЬШИМИ ДОСТИЖЕНИЯМИ

23.10.2026
ТҮРКІСТАН ХАЛҚЫ РЕСПУБЛИКА КҮНІН ТОЛАҒАЙ ТАБЫСТАРМЕН ҚАРСЫ АЛДЫ

ТҮРКІСТАН ХАЛҚЫ РЕСПУБЛИКА КҮНІН ТОЛАҒАЙ ТАБЫСТАРМЕН ҚАРСЫ АЛДЫ

23.10.2026
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС IV КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС IV КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

23.10.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған