• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Воскресенье, 11 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ШЫМКЕНТТЕ ӘЙЕЛДЕР ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

15.12.2021
in Басты ақпарат
ШЫМКЕНТТЕ ӘЙЕЛДЕР ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Шымкент қаласы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Қала әкімінің бірінші орынбасары, комиссия төрағасы Шыңғыс Мұқанның жетекшілігімен өткен мәжіліске құзырлы мемлекеттік орган басшылары және жергілікті үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Оқи отырыңыз...

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

10.05.2025
2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

10.05.2025
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

09.05.2025

Шыңғыс Жұмабекұлы жиналысқа қатысушыларды мемлекеттіліктің тұғыры болған Тәуелсіздік күнімен құттықтап, Мемлекекетіміздің қалыптасуы мен дамуындағы әйелдер ролін ерекше атап өтті.

«Еліміз егемендікке қол жеткізген тұста нәзік жанды аруларымыз от басы, ошақ қасында қалып қоймай, еліміздің қоғамдық-саяси өміріне белсене араласты. Бүгінгі таңда Қазақстан әйелдері әлеуметтік жобаларды әзірлеп, іске асыруда, заңнамалық актілерді талқылап, қабылдауда, кәсіпкерлік қызметте белсенділік танытып келеді. Әйелдердің мұндай ұстанымын мемлекет те қолдап, ынталандырып отырады. Мемлекет басшысының «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттер мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардан қазақстандық отбасылардың әл-ауқатын жақсарту және әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту үшін жоғары жауапкершілік пен үйлесімді іс-қимылды талап ететінін атап өтті»,-деді комиссия төрағасы.

Комиссия отырысында Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыру бойынша полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі М.Алтаевтың, Шымкент қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ИЧ-167/4 мекемесінің басшысы, әділет подполковнигі А.Адильбекованың, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің өкілі Ж.Әлжанованың, Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Б.Нарбекованың және Абай ауданы әкімінің орынбасары, аудандық комиссия төрағасы Ғ.Көшікбаевтың баяндамалары тыңдалды.

Жиын қорытындысы бойынша күн тәртібінде қаралған мәселелер мен хабарламалар негізінде іскер әйелдерге қолдау көрсету, әйелдердің қоғамдық бастамаларын ілгерілету, отбасылылық тәлім-тәрбиені жолға қою сынды мәселелер бойынша тиісті мемлекеттік органдарға ұсыныстар берілді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

10.05.2025
2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

10.05.2025
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

09.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған