• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Вторник, 30 декабря, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ

08.12.2021
in Басты ақпарат
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауға 11 азамат жазылып, өтініштерін білдірді. Тұрғындар негізінен тұрғын үй, әлеуметтік сала, инфрақұрылым мәселелері бойынша талап-тілектерін жеткізді.

Оқи отырыңыз...

Жаңа жылдан бастап Шымкенттегі кезекші ХҚКО-лардың мекенжайлары өзгереді

Жаңа жылдан бастап Шымкенттегі кезекші ХҚКО-лардың мекенжайлары өзгереді

30.12.2025

Шардарадағы «Келешек мектеп»: үйірме жұмыстары – оқушы дамуының негізгі тірегі

26.12.2025
ТҮРКІСТАН: ОТЫРАРДА ЗАМАНАУИ МАҚТА ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫ АШЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ОТЫРАРДА ЗАМАНАУИ МАҚТА ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫ АШЫЛДЫ

26.12.2025

Қаратау ауданы Бозарық елді мекенінің тұрғыны Алмасхан Еспаев Таскен шағынауданы тұрғындарына өз есебінен ауыз су жүйесін жүргізген, оны коммуналдық меншікке қабылдауға ықпал етуді сұрайды.
Қала әкімі бұл азаматтың өтінішін жеке бақылауына алып, тиісті жұмыстарды ұйымдастыруды орынбасары Мәулен Айманбетовке тапсырды. Қазір жауапты ұйым тарапынан жүргізілген су құбырының сызбасы дайындалуда. Жүйенің техникалық құжаты дайын болған соң, аумақ тұрғындарымен жалпы жиналыс өтетін болады. Қоғамдық тыңдаудың қорытындысымен, ауыз су жүйесі, қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының жауапкершілігіне өткізілмек.

«Нұрсәт» шағынауданының тұрғыны, 5 тұл жетім баланың әжесі – асыраушысы Қызайым Байғазиева тұрғын үй және әлеуметтік көмек беру мәселесін көтерді. Қамқорлықтағы балалардың үлкені тұрғын үй кезегіне 2015 жылы тіркелгені атап өтіліп, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін баспана заң шеңберінде кезек ретімен табысталатыны түсіндірілді.

Абай ауданы Жайлау шағынауданының тұрғыны Әйгерім Орынбасарова 2018 жылдан бері баспана кезегінде тұрғандығын айтып, тұрғын үй алуға жәрдем беруін сұрайды.
Қала әкімі мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй белгіленген тәртіппен кезек арқылы берілетінін атап өтті. Биылғы жылы қаламыз бойынша жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санаты бойынша 60 азаматтың пәтермен қамтылуы жоспарланғанын жеткізді. Оның ішінде 25 пәтер пайдалануға берілген. Қалған 35 пәтер құрылыс басқармасы тарапынан пайдалануға тапсырылуына сәйкес азаматтарға берілетінін хабарлады.
Сондай-ақ, қала әкімінің қоғамдық қабылдауына жазылған П.Тұрбеков, Г.Есмұрзаева жер учаскелері бойынша мәселелерін көтерді. Шаһар басшысы тұрғындардың өтініштерін мұқият тыңдап, жер учаскелерін заңдастыру бойынша туындаған барлық мәселелер заң талаптары аясында шешілетінін мәлімдеді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Жаңа жылдан бастап Шымкенттегі кезекші ХҚКО-лардың мекенжайлары өзгереді

Жаңа жылдан бастап Шымкенттегі кезекші ХҚКО-лардың мекенжайлары өзгереді

30.12.2025

Мемлекеттік қызметші – халық пен билікті жалғайтын алтын көпір

29.12.2025
Маңғыстау жастары пилоттық жоба аясында Шымкентте білім алуда

Маңғыстау жастары пилоттық жоба аясында Шымкентте білім алуда

28.12.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған