• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Воскресенье, 11 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ҮЗДІК ЕРІКТІЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

08.12.2021
in Басты ақпарат
ҮЗДІК ЕРІКТІЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

«Еріктілер» күніне орай «Nur Otan» партиясының «Кедергісіз келешек» және ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «30 игі іс» жобасы аясында «Мобиль плюс Көмек» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен «Ерікті болу – ерлік!» атты іс-шарасы өтті.

Оқи отырыңыз...

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

10.05.2025
2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

10.05.2025
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

09.05.2025

Шараға Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ш.Мұқан, мәслихат хатшысы Б.Нарымбетов, «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары Б.Тулегенов және мәслихат депутаттары Н.Бұқарбай, Л.Сулайманов қатысты.

Еріктілер – үлкенді-кішілі көмектің сан түрлерін барша жұртшылықтың игілігі үшін ақшалай сыйақысын есептеусіз, қайтарымсыз, ерікті түрде жүзеге асырып, мұқтаж жандарға көмек қолын созушылар. Және өзгелердің игілігі жолында саналы да риясыз еңбек еткен кез-келген адам ерікті болып табылады.

Ерікті топтардың атқарар қызметтері де сан алуан. Айталық, қалауларына қарай экологиялық қозғалыстар, ағаштар мен гүлдерді отырғызу, халықтың қауқарсыз тобы: жалғызбасты қарттар, мүмкіндігі шектеулі жандар мен үйсіз отбасыларға қаржылай көмектер, ірі қалалық, халықаралық іс-шаралар мен фестивальдарды ұйымдастыруға атсалысу ерікті топтар құзырында. Жүректері иманмен нұрланған, жандары жақсылыққа құмар жанашырлардың игі қызметтері ел тарихында қалатыны анық.

2020 жылдың «Еріктілер жылы» болып бекітілуі еліміздегі 200-ден астам еріктілер ұйымы мен 50 мыңнан астам белсенді еріктілеріміздің игі істеріне шабыт сыйлады. Mobil Plus-тегі еріктілер қозғалысы 2015 жылы басталып, осы уақыт аралығында мұқтаж жандарға белсенді түрде көмек көрсетіп келеді.
Көп балалы аналарға, зейнеткерлерге, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға жалпы сомасы 100 миллион теңгеден астам материалдық қолдау көрсетті. Қарқынды әрі нәтижелі жұмыстың арқасында «Мобиль плюс Көмек» қайырымдылық қоры құрылып, қысқа мерзім ішінде «Балалық шақ аллеясы», «Мекетепке жол», «Әлем балалар көзімен» сынды акциялармен қорымыз көпшілікке таныла бастады.

Іс-шараны ұйымдастырушы мәслихат депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі, «Мобиль плюс Көмек» қайырымдылық қорының президенті Керімбаева Наргиза Абайдуллақызы ерікті жастарды және көп балалы аналарды марапаттап, сыйлықтар табыстады.

— «Биыл алғаш рет ұйымдастырылып отырған іс-шарада үздік волонтерларды қажырлы еңбегі үшін марапаттадық. Жастар арасында дұрыс құндылықтарды насихаттап, өзгелерге қамқорлық және мейірімділік көрсету мақсатында осындай іс-шараны жыл сайын өткізуді жоспарлап отырмыз. Жастар белсенді волонтер болуға лайықты екенін білу керек.
Ал біз оларды әрдайым қолдауға дайынбыз», — деді Н.Керімбаева.

#Nurotan
#Nurotanshymkent
#NurOtanQazaqstan30
#сайлауалдыбағдарлама

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

10.05.2025
2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

10.05.2025
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

09.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған