• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Воскресенье, 11 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

Бекзат болмыс!

17.11.2021
in Басты ақпарат
Бекзат болмыс!

Ішкі істер органдарының ардагері, Заң ғылымдарының кандидаты, саналы ғұмырында аталмыш саланы жандандыру үшін аянбай қызмет еткен Серік Жорабекұлы Жорабеков 70 жасқа толды! Осыған орай, Шымкент қаласы бойынша қылмыстық атқару- жүйесі департаментінде ардагер құрметіне арналған іс-шара өтті.
Жиынға сала басшылығы мен қызметкерлері, ардагердің үзеңгілестері мен құрметті қонақ ретінде Серік Жорабекұлының өзі қатысты. Мерекелік шарада департамент басшысы, әділет полковнигі Теңізжан Нұрмаханұлы Жәнібеков құттықтау сөз алып, ішкі істер саласында жауапты қызметтерді абыроймен атқарған ардагердің үлгі боларлық тұстарын ерекше атап өтті. Сондай-ақ, қазіргі қызметте жүрген кейінгі буынға ұмтылыс пен ерік-жігер сыйлайтын жақтарына да екпін берді.
Серік Жорабекұлы 1951 жылы 16 қарашада дүниеге келген. Ішкі істер органдарындағы қызметін 1973 жылы қатардағы милиционер боп бастаған.1978 жылы КСРО ІІМ Рязань жоғары мектебін бітіріп, кейіннен ИЧ-167/6 мекемесінің бастығы болып жұмыс істеді. Болашақ қызметкерлердің бірі ретінде РФ ІІМ Академиясына білім деңгейін көтеру үшін жіберілді. Оны үздік бітіргеннен кейін Оңтүстік Қазақстан облысы ІІБ бастығының орынбасары боп тағайындалды. Лауазымдағы жұмысы кезінде ол өзін жетілген және сауатты көшбасшы ретінде көрсете білді. Өзіне және айналасындағы қызметкерлеріне де талапшыл болды. Әртүрлі басшылық лауазымдардағы практикалық мол тәжірибе, терең теориялық дайындық оған ҚР ІІМ Шымкент заң колледжінің бастығы қызметін абыроймен атқаруға мүмкіндік берді. Шараға Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Төрехан Ахметов, үзеңгілестері Сейітхан Сүгіров сөз сөйледі. Серік Жорабекұлының кəсіби біліктілігіне, ұйымдастырушылық қабілеті мен еңбекке деген сүйіспеншілігіне қашанда тəнті болғандарын айта келе, алдыңғы аға буыннан үлгі алудың маңызы турасында əңгімелеп, ақжарма тілектерін білдірді. Жиын соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Оқи отырыңыз...

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

10.05.2025
2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

10.05.2025
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

09.05.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

10.05.2025
2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

10.05.2025
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

09.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған