• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 9 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫНА ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ

02.11.2021
in Басты ақпарат
МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫНА ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ

Денсаулық сақтау жүйесінің сапасы мен тиімділігін арттыру – мемлекеттің пандемия жағдайындағы ең маңызды міндеті. Сондықтан билік «Дені сау ұлт» атты ұлттық жоба қабылдап, алдағы жылдары медицина саласына мол қаржы құюды жоспарлап отыр. Бұл қаржы негізінен медициналық инфрақұрылымды дамытуға, білікті маман даярлауға және халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге жұмсалады.
Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауын түсіндіру мақсатында өткен жиында Орталық Азия инновациялық университетінің педагогика, психология кафедрасының аға оқытушысы Райхан Бейсекова айтты.
—Мемлекет азаматтардың қауіпсіз, еркін, алаңсыз өмір сүруіне, сапалы білім алып, денсаулығын күтуіне, өзінің ішкі әлеуеті мен мүмкіндіктерін жарыққа шығарып, армандары мен жоспарларын жүзеге асыруына қолайлы жағдай жасауы тиіс. Қасым-Жомарт Кемелұлы биылғы Жолдауында осы жолда атқарылуы тиіс істерді нақты көрсетіп берді. Президент бұл міндеттерді орындау үшін әр салаға қатысты ұлттық жобалар бекітілетінін айтты. Яғни, Жолдаудың өзегін адам мен ұлт, халық денсаулығы мен ұлттық мүдде құрайды десек қателеспейміз, – дейді Райхан Түзелбайқызы.
Айта кетейік, жиынға Шымкент қаласы Еңбекші ауданында орналасқан қалалық №5 емхананың қызметкерлері қатысты. Басқосу кезінде дәрігерлер Президент Жолдауына қатысты ойларын ортаға салып, отандық денсаулық сақтау жүйесін дамытуға байланысты ұсыныстарын жеткізді.
Жалпы, Шымкент қаласында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауы кеңінен, жүйелі түрде насихатталуда. Аса маңызды саяси құжатты талқылауға арналған осындай басқосуларға мемлекеттік қызметшілер, құқық қорғау органдарының, білім беру мен денсаулық сақтау саласының қызметкерлері, ардагерлер, зиялы қауым өкілдері, еңбек ұжымдары мен жастар қатысуда.

Оқи отырыңыз...

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

09.05.2025
ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

09.05.2025
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

09.05.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

09.05.2025
ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

09.05.2025
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

09.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған