• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Воскресенье, 11 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ЕЛ БІРЛІГІН НЫҒАЙТУДА ТҮРКІСТАННЫҢ ТАРИХИ РӨЛІНЕ БАСЫМДЫҚ БЕРІЛЕДІ

21.10.2021
in Басты ақпарат
ЕЛ БІРЛІГІН НЫҒАЙТУДА ТҮРКІСТАННЫҢ ТАРИХИ РӨЛІНЕ БАСЫМДЫҚ БЕРІЛЕДІ

Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Отырыс барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы XXIX сессиясының шешімдерін және Мемлекет басшысының «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыруда Қазақстан халқы Ассамблеясы мен мемлекеттік органдардың басты міндеттері талқыланды. Жиында Мемлекет басшысы ел бірлігін сақтау, қоғамдық келісімді нығайту маңызды іс екеніне тоқталды.
«Кеңес мүшелері бүгін Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай жиналып отырмыз. Тәуелсіздік мерейтойы еліміз үшін аса маңызды тарихи белес. Біз осы жылдарда тұрғыры биік мығым мемлекет құрдық. Экономикамызды өркендеттік, халықтың әл-ауқатын арттырдық. Мұның бәріне берекелі бірлігіміз арқылы қол жеткіздік. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында елімізде этносаралық және конфессияаралық келісімнің бірегей үлгісі қалыптасты. Оның тиімділігін әлем қауымдастығы мойындады», – деген Президент еліміздегі мектеп түлектері қазақстандық қоғамға кіріктіріліп, бәсекеге қабілетті болып, мемлекеттік тілді білулері керектігін айтты. Сонымен бірге өзге тілдерді де үйренудің артықшылықтары мол екенін жеткізді.
Отырыста Түркістан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы мен ҚХА Аналар кеңесінің этносаралық келісімді нығайту жөніндегі қызметінің өзекті мәселелері қаралды. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің баяндамасы тыңдалды. Облыс басшысы өңірдегі Қазақстан халқы Ассамблеясының үйлесімді этносаралық қатынастарды нығайту жөніндегі қызметі туралы хабарлады. Оның айтуынша, өңірде тұрғындар үшін мәдениет пен дәстүрді дамытуға барлық қажетті жағдайлар мен инфрақұрылым жасалған.
«2 миллионнан астам тұрғыны бар аймақта 50-ге тарта этнос өкілдері өмір сүреді. Облыстық ассамблея құрамында 34 этномәдени бірлестік пен 9 қоғамдық келісім мекемелері ел бірлігін нығайту, ортақ мақсатқа біріктіру жолында жемісті жұмыс істеп жатыр. Біз таптаурын және ескі тәсілдегі іс-шараларды тоқтатып, этносаралық қатынастар бойынша нақты әрі жүйелі жұмыстарға көштік. Қазақ тілін дамыту бағытында 10 жоба сәтті жүзеге асты. Бүгінде Түркістан облысында этнос өкілдерінің 92%-ы қазақ тілін жетік меңгерген. Сонымен бірге өңірде этносаралық қатынастар жөнінде карта әзірленіп, түйткілді мәселелер зерделенді. Осы арқылы 2 мыңдай мәселе немесе сұрақтың жауабы табылып, 5000 мемлекеттік қызметкер мен полицейлер, қоғам өкілдері арнайы тренингтен өтті», – деді Ө. Шөкеев.
Сонымен бірге облыс басшысы этносаралық мәселелерді оңтайлы шешу үшін негізгі бағыттарды атап өтті.
«Біріншіден, Түркістанның тарихи, мәдени және рухани әлеуетін насихаттау арқылы этностардың шоғырлануы мен бірлігін нығайтуды іске асырамыз. Елбасының тарихи шешімі Түркістанды зиярат орталығы ғана емес, Қазақстанда тұратын түрлі этностың және Түркі жұртының қасиетті мекені ретінде дамытуға мүмкіндік берді. Бұған туристердің көптеп келуі дәлел. Тек биыл көне шаһарға келген туристер саны өткен жылмен салыстырғанда 5,5 есеге көп болып отыр. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінде дінтану және әлеуметтану саласы қатар зерделену арқылы этносаралық қатынас дами түскен. Бұл бағытта терең білім алған университет түлектері облыста ғана емес, бүкіл республика бойынша жұмыс атқаруда», – деді облыс әкімі.
Сондай-ақ этностар оқитын мектептерде көптілді оқытуды дамыту арқылы жаңа интеграциялық және әлеуметтік лифтілерді қалыптастыру, өзге ұлт өкілдері арасында шиеленістерді болдырмау мақсатында ауылдық елді мекендерді дамыту жұмыстарын жүргізу, облыста этностардың көп шоғырланған елді мекендерінен еліміздің солтүстік өңірлеріне қоныс аударуы үшін әлеуметтік-экономикалық жағдай жасап, ынталандыру шараларын іске асыру да қолға алынған.
Ондайн режимде өткен отырыста ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысында Достық үйін салуды тапсырды. Ассамблеяның бұрынғы ғимараты Шымкент қаласында орналасқандықтан, биыл қыркүйекте қала әкімдігінің балансына өткен. Қазір ассамблея облыстық басқармалар үйінде орналасқан Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістанда жаңа үлгідегі Достық үйі салынатынын жеткізді.
Сонымен бірге жиында «Жанубий Қозоғистан» газетінің бас редакторы Алишер Сатыбалдиев пен Төлеби аудандық ҚХА-ның жанындағы қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Сейіт Бекмұрзаевтың да баяндамалары тыңдалды.
Іс-шара соңында Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясы мен мемлекеттік органдардың қоғамдағы бірлік пен келісімді қамтамасыз ету саласындағы қызметі мен міндеттерінің басымдықтарын атап өтіп, жұмыс тиімділігін арттыруды тапсырды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз...

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

10.05.2025
2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

10.05.2025
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

09.05.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

10.05.2025
2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

10.05.2025
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

09.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған